Accessibility links

Мамандар Бучадағы қырғынға Ресей әскері жауапты екеніне дәлел іздеп жатыр

Буча көшесінде қаза тапқан кісіні арнаулы қапқа салып жатқан адамдар. Украина, 3 сәуір 2022 жыл.
Буча көшесінде қаза тапқан кісіні арнаулы қапқа салып жатқан адамдар. Украина, 3 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы Буча қаласында жұмысшылар көшеде жайрап жатқан мәйіттерді жинап жүр. Ал тергеушілер бұл әскери қылмысты Ресей әскері жасағанына дәлел іздеп жатыр. Азаттық қаланы оккупациялаған Ресей әскери бөлімдерін анықтап көрді.

11 наурызда Буча қаласындағы ұрыста Ресейдегі танымал 76-дивизия құрамындағы артиллерия бөлімінің командирі қаза тапты.

Капитан Геннадий Баюр Киевтің солтүстік-батысындағы қалада мина жарылысынан мерт болған. Бұл туралы ақпарат екі аптадан соң ВКонтакте әлеуметтік желісінде жарияланды. Ол 234-гвардиялық десант шабуыл полкін басқарған.

Сондай-ақ 64-мотоатқыштар бригадасы сарбазының мобиль телефоны табылған. Иесі оны жоғалтып алған немесе қаза тапқан кезінде түсіп қалған. Оның скриншотын жариялаған Украина барлауының дерегінше, телефон Бучада табылған. Телефондағы нөмір әлеуметтік желідегі аккаунтқа сәйкес келеді.

"Мәйіттер көшеде шашылып жатыр". Бучадағы қырғынның видеосы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:19 0:00

Буча – қылмыс жасалған жер. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық үшін Буча Ресей әскері жасаған болуы мүмкін жантүршігерлік қылмыстың синониміне айналды.

Ресей күштері Бучадан кеткен соң жұмысшылар осы қалада қаза тапқан бейбіт адамдардың мәйітін көшеде шашылып жатқан жерінен, бауырластар зиратынан және жертөлелерден жинап, қайта жерлеуге кірісті. Өлген адамдардың кейбірінің қолы байлаулы болған, кейбіріне басынан оқ тиген.

Батыс пен Украина тергеушілері Бучадағы қырғынды Ресей әскері жасағанына дәлел жинап, куәгерлерден жауап алып жатыр. Билік мұны әскери қылмыс деп атап, сотқа беретінін айтты.

Азаттық тілшілері қаза тапқан сарбаздардың әлеуметтік желілердегі жазбаларын, қалада түсірілген видеоларды және басқа да ақпараттарды зерттеп, Бучаны оккупациялаған ресейлік әскери бөлімдерді анықтап көруге тырысты. Ресей әскері Буча қаласында 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында болған. Одан кейін қала Украина күштерінің қолына өткен.

БУЧАДА НЕ БОЛДЫ?

Ресей әскери бөлімдерінің өзі оккупациялаған Буча мен басқа қалаларда болғаны әскери қылмысқа дәлел бола алмайды. Тергеушілерге сотта немесе трибуналда көрсетуге болатын дәлел табу да қиын.

Бірақ Бучадағы оқиғаға келсек, жарияланып кеткен фото, видеолар мен куәгерлердің сөздері, қаланың бір айдан астам уақыт бойы Ресей әскерінің қолында болуы Ресейдің кінәлі екеніне жанама дәлел болады.

31 наурызда Буча мэрі Анатолий Федорук Telegram-арнасында видео жариялап, қаланың Украина әскеріне өткенін мәлімдеген еді.

Осылайша Ресей әскерінің қаладан 31 наурызда немесе одан ерте кеткені белгілі болды. Ал 1 сәуірде Украина әскері Бучаға кіргенін хабарлады.

3 сәуірде Украина президентінің кеңесшісі Алексей Арестович Буча мен Киев облысындағы Ирпень, Гостомель қалаларында болған Ресей әскери бөлімдерінің тізімін жариялады. Сол тізімде 76-әуе десанты дивизиясы құрамына кіретін 104-полк, 234-полк бар.

Ресейдің солтүстік-батысындағы Псков қаласында орналасқан дивизия совет және Ресей әскери тарихында қаталдығымен көзге түскен. 2000-жылдары болған екінші шешен соғысы кезінде 76-дивизия жауынгерлері бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыпталған. Бөлім командирі Баюрдың қаза тапқаны жайлы хабарлама да бұл полктің Бучада болғанын көрсетеді.

26 наурызға қарай интернетте тұтқын Ресей сарбазының видеосы жарияланды. Оны Украина әскери барлауы қолға түсіргенге ұқсайды. Видеода сарбаздың 76-дивизия бөлімінде қызмет атқарғаны айтылған. Кейін видеоны YouTube-тан өшіріп тастады, бірақ Украина журналисі оның көшірмесін телеграм арнасына салды.

Видеода Тимофей Бобов деп таныстырылған сарбаз өзі қызмет ететін бөлім 24 ақпанда Украинаға кіріп, "Гостомель мен Бучаны тазалауға" бұйрық алғанын айтады. Бобовтың сөзінше, оған тұрғын үйлердегі пәтерлердің есігін сындырып кіріп, адамдарды жертөлеге апаруды тапсырған. Видеода ол тұрғындарға не болғанын айтпайды.

Азаттық видеоны тексере алмады. Бірақ Буча баспасөзінде жарияланған материалдарда куәгерлер Ресей әскері үйінің есігін сындырып кіріп, туыстарын алып кеткенін айтқан. Онда мәйіт толған жертөледен түсірілген кадр да бар.

Ресей әскері кеткен соң Украина билігі Бучадан қаза тапқан 410-нан астам бейбіт тұрғынның денесін сараптама жасауға жөнелтті. Киев облысы, Украина, 4 сәуір 2022 жыл.
Ресей әскері кеткен соң Украина билігі Бучадан қаза тапқан 410-нан астам бейбіт тұрғынның денесін сараптама жасауға жөнелтті. Киев облысы, Украина, 4 сәуір 2022 жыл.

3 сәуірде Associated Press жариялаған Бучада түсірілген видеода оқ-дәріден босаған ағаш жәшік көрсетілген. Жәшіктің бетінде оның 76-шы әуе-десант дивизиясы 234-полкінің 7-ротасына тиесілі екені жазылған.

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН, INSTAGRAM АККАУНТ

Арестович Киевтің солтүстік-батысы мен шығысындағы кей қалаларда 64-мотоатқыштар бригадасы болғанын айтады. Бұл бригада Ресейдің Хабаровск облысында орналасқан.

3 сәуірде Telegram арналардың бірі Украина әскеріндегі дереккөзге сүйеніп, Ресей сарбазының әлеуметтік желідегі аккаунтының скриншотын жариялады. Онда "Бучада болған оккупанттардың бірінің телефоны табылды" деп жазылған.

Instagram аккаунт скриншотында сарбаздың телефон нөмірі жазылған. Азаттық оның Ресейдің Хабаровск облысының 29 жастағы тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Редакция ол сарбаздың 64-бригада құрамында болғанын анықтай алмады, бірақ әлеуметтік желідегі дос-таныстарының фотолары арасында 64-бригада сарбаздары да байқалады.

Украина әскери барлау қызметі 64-бригада офицерлері мен сарбаздарының аты-жөнін жариялады. Соғыс жағдайында бұл тізімді де тәуелсіз дерек көздер арқылы тексеру мүмкін болмай отыр.

Зеленский Буча қаласында, марқұмдарды жерлеу. Украинадағы соғыс. 4 сәуірдегі фотолар

4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Киев облысындағы қатты зардап шеккен Буча қаласына барды. Өткен аптаның аяғында бұл қаланы Украина әскерилері Ресей күштерінен қайтарып алған.
1/10 4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Киев облысындағы қатты зардап шеккен Буча қаласына барды. Өткен аптаның аяғында бұл қаланы Украина әскерилері Ресей күштерінен қайтарып алған.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
2 сәуір кешкісін Reuters, AFP, AP ақпарат агенттіктері мен Украина билігі Бучаның көшесінде жайрап жатқан жай киімдегі адамдардың суреттерін жариялады. Киев "Ресей оккупанттары қаладан құр кетпей бейбіт тұрғындарды қырып кетті" деп мәлімдеді. Ал Ресей Бучадағы фотоларды "фейк" дейді.
2/10 2 сәуір кешкісін Reuters, AFP, AP ақпарат агенттіктері мен Украина билігі Бучаның көшесінде жайрап жатқан жай киімдегі адамдардың суреттерін жариялады. Киев "Ресей оккупанттары қаладан құр кетпей бейбіт тұрғындарды қырып кетті" деп мәлімдеді. Ал Ресей Бучадағы фотоларды "фейк" дейді.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Бучада көшеде жайрап жатқан мәйіттерді жинау 3-4 сәуірде де жалғасты. 
3/10 Бучада көшеде жайрап жатқан мәйіттерді жинау 3-4 сәуірде де жалғасты. 
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Буча басшылығы қалада қаза тапқан 300 адамды бауырластар зиратына жерлегендерін мәлімдеді.
4/10 Буча басшылығы қалада қаза тапқан 300 адамды бауырластар зиратына жерлегендерін мәлімдеді.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Қаза тапқан күйеуін жоқтап жылап отырған Буча тұрғыны.
5/10 Қаза тапқан күйеуін жоқтап жылап отырған Буча тұрғыны.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Ресей әскері Киев облысынан кері шегініп, Донбасқа шабуылды күшейтетінін жариялаған тұста Донбасс аймағынан халық жаппай қаша бастады. 4 сәуірде Донецк облысы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына келген жұрттың қарасы көп.
6/10 Ресей әскері Киев облысынан кері шегініп, Донбасқа шабуылды күшейтетінін жариялаған тұста Донбасс аймағынан халық жаппай қаша бастады. 4 сәуірде Донецк облысы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына келген жұрттың қарасы көп.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Донецк облысы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалындағы адамдар.
7/10 Донецк облысы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалындағы адамдар.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Донецк облысы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына пойызға отыруға келген адамдар.
8/10 Донецк облысы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына пойызға отыруға келген адамдар.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Ресей армиясы Одесса қаласын да зымыранмен атқылады.
9/10 Ресей армиясы Одесса қаласын да зымыранмен атқылады.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Ресей күштерімен соғыста қаза болған украин сарбазын жерлеу. Львов қаласы.
10/10 Ресей күштерімен соғыста қаза болған украин сарбазын жерлеу. Львов қаласы.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр. 
Previous slide
Next slide

БЕЛАРУСЬТЕГІ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ

Киевтің солтүстігіндегі қалаларға барған бөлімдер қатарында 98-дивизияның 331-гвардиялық әуе-десант полкі бар. Бұл полк Мәскеудің солтүстік-шығысындағы Кострома қаласында орналасқан. Полк командирі Сергей Сухарев 13 наурызда қаза тауып, кейін оны әскери наградамен марапаттаған. Бірақ оның қалай және қай жерде қаза тапқаны белгісіз.

Ресей күштері Украинаға шабуыл жасардан бір ай бұрын, 25 қаңтарда Беларусь қорғаныс министрі ресейлік 331-полктің қатысуымен әскери жаттығулар өткенін хабарлаған еді. Бұл полк бөлімдерінің көбі Украинаның солтүстігіне жіберілген.

28 ақпанда "Поиск своих" Telegram-арнасында 2-взводтың 2-отрядының Бучада қаза тапқан сарбаздарының фотосы жарияланды. Онда Украинада қаза тапқан немесе тұтқынға түскен орыс сарбаздарының суреті көп.

Азаттық радиосы қаза болған сарбаздардың бірінің әлеуметтік желідегі парақшасын көрді. Онда сарбаздың 56-полкте қызмет атқарғанын байқауға болады. Бұл полктің штаб-пәтері Ресейдің Волгоград қаласында орналасқан.

Бучадағы қырғынды Украина "геноцид", Ресей "фейк" дейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00

Бучадағы жағдайдан кейін әлем елдер наразылық білдіріп, Мәскеуді айыптап жатыр. Ал Мәскеу Ресей сарбаздары Киев облысындағы Буча мен басқа да қалалардағы бейбіт тұрғындарды өлтірмеген дейді. Ресей ресми өкілдері еш дәлел келтірместен, Украина мен Батыстың баспасөз құралдары жариялаған фотолар мен видеоларды "фейк" деді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та еш дәлел келтірместен, әлгі фотолардың "қолдан жасалғаны байқалатынын, Ресей әскерінің қаладан шыққан уақыты олардың бұл қылмысқа жауапты емес екенін білдіретінін" айтты. Бұл мәлімдеме Бучадағы куәгерлердің сөзіне қайшы келеді.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы да айғақ-дәлел жинап, Буча тұрғындарымен сөйлескен. Ұйым Ресей әскерінің бақылауында болған аудандарда "әскери қылмыс болғаны анық" деген қорытындыға келді.

Азаттықтың Орыс қызметінің тілшілері Марк Крутов пен Александра Вагнердің материалдары бойынша жазылды.

Айдар
XS
SM
MD
LG