Экс-президенттің премьер болуына қарсылық
Армения астанасы Ереванда бірнеше күннен бері жаппай қарсылық акциясы өтіп жатыр. Көшеге шыққандар бұрынғы президент Серж Саргсяннның премьер-министрлікке ұсынылғанына наразы. Акцияда адамдар көліктерін көшеге ашық қалдырып, қоғамдық көлік алдына жатып алған. Армения парламенті 2 наурызда іс басындағы Республикалық партия кандидаты, бұрынғы премьер-министр Армен Саркисянді елдің төртінші президенті етіп сайлады. Серж Саргсян 2008 жылдан бері биылғы 9 сәуірге дейін Армения президенті болған. Ереван. 16 сәуір, 2018 жыл.