Еревандағы наразылық шарасының жалғасы
22 сәуірде Армения астанасы Ереванда СССР құлағаннан бергі ең ірі қарсылық акциясы өтті. Республика алаңындағы шараға ондаған мың адамның жиналғаны хабарланды. Олар 10 жыл президенттіктен кейін қайтадан премьер-министр болған Серж Саргсянның отставкасын талап етті. Наразылық шарасына оныншы күн болғанда, 22 сәуірде Саргсян мен шеру лидері Пашинян келіссөз жүргізу үшін кездескен. Бірақ кездесу еш нәтиже бермей, соңынан Пашинянды полиция ұстады. 22 сәуір, 2018 жыл.