Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті: Қазақстан билігі берген уәдесінде тұрмады


Тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов қалалық соттың үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.
Тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов қалалық соттың үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.

Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігінің ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланарда берген өз сөзінен айнып, баспасөз бостандығын шектейтін заң қабылдап, елдегі тәуелсіз БАҚ және журналистерді қудалауға салғанын атап жазады.


БАҚ-ты ҚУҒЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢ

Журналистерді қорғау комитеті «2009 жылы баспасөзге жасалған шабуылдар» деп аталатын баяндамасын жариялады. Нью-Йоркте орналасқан бұл ұйымның сейсенбі күні Токиода жариялаған бандамасында өткен жыл журналистер үшін ең ауыр жыл болғаны айтылған.

Баяндамада Қазақстандағы журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты екі жайт атап көрсетілген. Ол - елдегі ақпарат
Қазақстандық журналистер елдегі тәуелсіз баспасөзге жасалып жатқан қысымға наразылық білдіріп, Ақорда, парламент пен үкімет үйлерінің алдына шықты. Астана, 16 қазан 2009 жыл.
құралдарына қарсы репрессиялық заңдар мен тәуелсіз басылымдарға төнген саясиланған сот процестері.

2009 жылдың басында қабылданған интернетке бақылауды күшейтетін заң және жылдың аяғында «жеке өмірге қол сұқпау туралы» заңдардың қабылданғандығы, елдегі бірқатар тәуелсіз басылымдардың билік тарапынан қысымға ұшырап, бірнеше миллиондаған айыппұлдар салынып, соның салдарынан бірқатар басылымдардың («Тасжарған», «Республика - Деловое обозрение») жабылып қалғандығы айтылған.

РАМАЗАН ЕСІРГЕПОВТІҢ ІСІ

Сондай-ақ аталмыш ұйымның баяндамасында өткен жылы 8-тамызда Тараз соты құпия құжаттарды жариялаған деген айыппен сотталып, түрмеге қамалған «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың аты-жөні аталған.

Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері былтыр қаңтар айында Алматының ауруханасынан ұстап алып кеткен болатын. Оған 2008 жылы 21-қарашада, «Алма-Ата инфо» апталық газетінде жарияланған «Елді кім басқарады – президент пе, әлде ҰҚК ме?» атты мақаладағы деректерді заңсыз алып, құпия құжаттарды жариялады деген айып тағылды.

Мақалада ҰҚК-нің сол кездегі төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа Жамбыл облыстық департаменті бастығының жолдаған қызмет хаты
Абақтыда отырған журналист Рамазан Есіргеповтың әйелі Раушан Есіргепова (сол жақта) баспасөзді қудалауға наразылық таныту шарасында тұр. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.
жарияланған болатын.

2009 жылы тамыз айында Тараз қалалық соты қызметтік құпияны жариялады деп тауып, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 172-бабының 1-ші бөлігі және 339-бабының 2-ші бөлігі бойынша «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповті үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Одан өзге, оған екі жылға дейін журналистік кәсіппен айналысуға тыйым салынды.

Биылғы жылы қаңтардың 6-сы күні Рамазан Есіргеповтың тұтқынға алынғанына бір жыл толған еді. Түрмеде отырған журналистің отбасы қылмыстық-атқару заңына сәйкес ол мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуға мүмкіндік алар деп үміттенген еді. Алғашында оны мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару туралы шешім қабылданғанымен, кейін ол шешімді өзгертті деген болатын журналистің зайыбы Раушан Есіргепова Азаттық радиосына.

ПОСТСОВЕТТІК МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ


Журналистерді қорғау комитеті бұрынғы Совет одағының құрамына кірген мемлекеттердегі жағдайдың мәз емес күйде екендігін жазады.

Баяндама ауторлары Украинада 2000 жылы Георгий Гонгадзенің өліміне қатысты іс бойынша бұрынғы Ішкі істер министрлігі қызметкерінің ұсталғандығын атап өткенімен, елдегі ақпарат құралдарына «аса қатты саяси қысым» жасалынатындығын да айтып отыр.

Дәл осында жағдай Грузияда да байқалғаны жазылған. «Телевизиядан берілетін жаңалықтар саясиландырылып, үкімет тарапынан басқарылуда», одан өзге «оппозицияға бағытталған ақпаратты таратудағы кедергілер де кездеседі». Грузия тұрғындарының тек 7 пайызы ғана интернетке қол жеткізе алады.

Журналистерді қорғау комитеті өкілдерінің атап өтуінше, Беларуста 13 тәуелсіз басылым мемлекет бақылауындағы «қара тізімге» еніп отыр. Дегенмен, баяндама ауторларының атап өтуінше, ЕуроОдақтың өзіне деген жақсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында Беларусь билігі «ара-тұра қуғын-сүргіннің жеңіл түріне баруда».

Журналистерді қорғау комитеті Орта Азияның өзге де мемлекеттеріндегі жағдайдың ушығып тұрғандығын айтады.

Мәселен, Өзбекстанда журналистердің өлімі тіркелмегенімен, оларды тұтқындау жиілеп, «арнайы қызмет қатал цензура орнатқаны» айтылған. Ислам Каримов билік еткен жылдары 7 журналист түрмеге тоғытылып – осы саладағы жетекші орынға ие болып отыр.

Қырғызстанда 4 журналист ауыр соққыға жығылған, алайда әлі күнге дейін ешкім жауапқа тартылған жоқ. Одан өзге, 2007 жылы қаза тапқан «Саясат» басылымының 26 жасар редакторы Әлішер Саиповтың өлімі де ашылмаған күйде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG