Accessibility links

«Тур де Франс» жеңімпазы Альберто Контадор «Астана» командасынан кетеді


Тур де Франс жеңімпазы Альберто Контадор. Париж, 25 шілде 2010 жыл
Тур де Франс жеңімпазы Альберто Контадор. Париж, 25 шілде 2010 жыл

Әйгілі «Тур де Франс» халықаралық велотурнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Альберто Контадор 2010 жылдың жарыс маусымы аяқталған соң «Астана» велотобынан кететінін мәлімдеді. Ол осы топтың құрамында екі дүркін «Тур де Франс» сайысының жеңімпазы атанды.


ЧЕМПИОННЫҢ ШЕШІМІ

«Тур де Франс – 2009» сайысының жеңімпазы испандық велошабандоз Альберто Контадор «Астана» велотобымен келісім-шартының күшін бұдан әрі созбауға бел буып отыр.

Контадор команда қатарынан биылғы жарыс маусымы біткен соң кетпекші. Бұл туралы спортшының өзі «Тур де Франс – 2010» сайысында жеңе салысымен мәлімдеді.

Велошабандоздың «Астана» тобынан кететіні туралы мәлімдеме шілденің 28-і күні хабарланды, деп жазады «Supersport» сайты.

«Альберто Контадор «Астана» велотобының ұсынысынан бас тартты», – делінген Контадордың баспасөз хатшысы жария еткен мәлімдемеде.

Бұл мәлімдемеде спортшының «Тур де Франс – 2010» жарысында чемпион атағын ұтып алған соң, сәл үзіліс алып, оны өз қатарына тартпақ болып қолқа салып жатқандардың ұсынысын байыппен зерттеп көруге ниеттеніп отырғаны айтылған.

«Астана» велотобы Альберто Контадорға «жауабыңды неғұрлым жылдамырақ, шілденің 27-іне қарай бер» деген талап қойған болатын. Аталған команда спортшымен жасалған келісім-шарт күшін нақты көрсетілмеген мерзімге ұзартуға құлшыныс білдірген еді.

Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, жиырма жеті жастағы спортшы әйгілі спорт менеджері Бьярне Риистің ұсынысын қабылдауы мүмкін.

Бүгінгі күні Бьярне Риис өзіне қаржылық демеушілер іздеп жүр, деп хабарлайды «Supersport» сайты.

Альберто Контадор 2007 жылы «Discovery Channel» велотобы құрамында «Тур де Франс» бәсекесіне қатысып жеңіске жеткен соң, ол команда таратылып, әйгілі шабандоз 2008 жылы «Астана» тобына келген болатын.

АРМСТРОНГ ПЕН КОНТАДОРСЫЗ ҚАЛҒАН «АСТАНА»

«Астана» командасының құрамында Альберто Контадор қатарынан екі жыл, яғни 2009 және 2010 жылдары «Тур де Франс» сайысында мәреге бірінші болып келді.

Сонымен қатар, «Астана» тобында өнер көрсете жүріп, 2008 жылы ол «Джиро д’Италия» және «Вуэльта» көпкүндік веложарыстарында да жеңімпаз атанды.

Алайда, «Тур де Франс – 2009» бәйгесінде озып шыққан соң, Контадордың «Астана» құрамында өнер көрсетуінің одан арғы тағдыры не
«Тур де Франс» көпкүндік турниріне былтыр «Астана» тобы құрамында Лэнс Армстронг те қатысқан еді. Франция, 14 шілде 2009 жыл.
болары бұлыңғыр тартты. Оған аталған спорт сайысы маусымындағы бірталай себептер негіз болған еді.

Мәселен, «Астана» тобы шабандоздарына еңбекақы уақытылы төленбеді. Әрі сол жылы Альберто Контадор өзінің сол кездегі командалас серіктесі Лэнс Армстронгпен келіспей қалып, екеуінің қарым-қатынасы нашарлап кетті.

«Тур де Франс» сайысының жеті дүркін жеңімпазы Лэнс Армстронг пен команда менеджері Йохан Брюнель «Астана» тобынан кетіп, «Радио Шак» атты өз велотобын құрды.

Ал Контадор болса «Астана» командасының құрамында 2010 жылдың соңына дейін қалуға келісімін берді.

Биылғы жылғы наурыз айында Альберто Контадор Париж-Ницца сайысында мәреге бірінші болып жетті. Одан кейін, өткен жексенбі, шілде айының 25-і күні атақты спортшы «Тур де Франс» сайысының үшінші мәрте жеңімпазы атанды, деп жазады «Supersport».


Қазақ жанкүйерлері «Тур де Франс - 2010» жарысында «Астана» велотобының жеңісін Парижде атап өтті. 25 шілде, 2010 жыл.

Қазақтар "Тур де Франс" көпкүндігінде
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00
XS
SM
MD
LG