Бұл сұрақтар Азаттық радиосында өткен дөңгелек үстелдің қатысушыларына қойылды. Дөңгелек үстелге Қазақстан адам құқығы жөніндегі бюросының қызметкері, тәуелсіз журналист - Андрей Гришин, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы - Әміржан Қосанов, «Қазақстан социалистік қарсылығы» қозғалысының басшысы Айнұр Құрманов қатысты.
Дөңгелек үстелді «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлыұлы жүргізді.
ӘБІЛОВ ПЕН ФУРАЖКА
Жүргізуші:
– «Арман» қозғалысының басшысы Ермек Нарымбаевқа маусым айында «тәртіп сақшыларына қарсы күш көрсетті» және «соттың абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтты» деген айып тағылып, төрт жыл түрмеге кесілді. Тағы бір мысал, шілдеде ақтөбелік оппозициялық саясаткер Айдос Садықов та «бұзақылық жасады» және «тәртіп сақшыларына қарсылық танытты» деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айрылды.
Қазақстанның саяси аренасындағы соңғы оқиғалар өзіне жақпаған саясаткерлерге қарсы биліктің жаңаша әрекетін көрсетіп отыр. Бұрын билік мұндайда "аяйтын әдістеме" қолданушы еді. Оған мысалы, «Қазақстанның социалистік қарсылығы» қозғалысының басшысы Айнұр Құрмановтың бірнеше рет «рұқсат етілмеген шерулерді ұйымдастырды әрі соған қатысты» деген айыппен он бес тәулікке қамалғанын айтуға болады. Бұл айып бұған дейін де бірқатар лидерлер мен белсенділерге тағылған еді.
2005-2006 жылдары болған осындай бір оқиға туралы Азаттық радиосына «Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбілов баяндаған еді. Ол былай дейді:
«...Ол аяқ астынан Болат Әбіловтің бір жыл бұрын оны басынан ұрып, фуражкасын таптағанын есіне түсіріп, сотқа берді. Бұл 2006 жылдың жазы, 14 шілде еді. Маған ІІБ қызметкеріне дене жарақатын түсірген деген айып тақты. Кейін дәлізде кездескен ол менен кешірім сұрап, бұл іске амалсыздан барғанын айтты. Прокурор екі жыл шартты жаза сұрағанымен, сот қорықты ма, кім білсін, мені үш жылға кесті. Бірақ оппозиция өкілдері Айдос Садықов пен Ермек Нарымбаевқа тағылған айып пен кесілген мерзімдер енді биліктің осындай қадамға барғандығын байқатады».
Жоғарыда айтылған саясаткерлер ілгеріде көрсетілген айыптардан саяси астар аңғарғандарын жасырмайды. Олардың ойынша, Ермек Нарымбаев «тәртіп сақшыларына күш көрсеткені үшін» немесе «Соттың абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтқаны үшін» емес, «Назарбаев, кет!» деген ұраны үшін жазықты болған.
Оппозиция белсенділерін заң бұзушы, бұзақылар ретінде айыптау - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған жылда әрі Астанада өтетін ЕҚЫҰ ның саммиті қарсаңында Ақорданың өзінің саяси қарсыластарымен күрестегі жаңа әдісі ме?
Андрей Гришин:
– Ермек Нарымбаев пен Айдос Садықов биліктің түрмеге түрлі мерзіммен тоғытқысы келген саясаткерлер тізіміндегі алғашқылары ғана деп ойлаймын. Бұны Ақорданың елдегі басқа да қоғам қайраткерлеріне сездірген емеуріні деп бағалауға болар. Қазір дөңгелек үстелге Айнұр Құрманов қатысып отыр. Алайда ол да осындай жағдайға тап болуы мүмкін.
Бірнеше күн бұрын Өскемен түрмесінен Евгений Жовтис телефон шалды. Ол да билік әртүрлі әрекетке бара алады деп қауіптенетін басқа да саясаткерлердің басына осындай күн тууы мүмкін екенін, яғни оларға да осы да тактика қолданылуы ықтимал екенін айтып отыр.
Жасарал Қуанышәлин:
– Садықов пен Нарымбаев сынды саясаткерлерге тағылғандай погон жұлу, түйме түсіру секілді айыптармен жазалау – Ақорданың ноу-хауы, ал құқық қорғау органдары осы «ұлы» жоспарды орындаушылар ғана. Бұл жағдайда мен оларды «қисыққорғау» органдары деп
Мүмкін олар өздерінің ойлап тапқан дүниелеріне «патент» алған да шығар, енді оны іс жүзінде адамдарға, саясатқа пайдаланып жүр, әрі «сәтті» жүзеге асырып отыр. Осындайда сол кезде өзі жүре алмай әлсіреген Ермек Нарымбаевтың «қалта. погон жыртып» төрт жылға сотталғаны еске түседі.
Енді екінші фактіні қарастырып көрейік, егер адам баласы «полицейдің киімін қатты жыртса» екі жылға ғана сотталуы керек. Қазақстандық тәртіп сақшылары мәселеге басқаша келіп, бұл жаңалықтарын әлемдік масштабта жарнамалап, өздерінің адамгершілікке қарсы жетістіктерін басқа елдегі әріптестеріне ұсынуға бар.
Әміржан Қосанов:
– Мен Андрей Гришин мен Жасарал Қуанышәлиннің сөздерімен толықтай келісемін. Олар - Қазақстандағы қалыптасқан жағдай туралы ашық айта алатын адамдар. Мен Айдос Садықов пен Ермек Нарымбаев заңнаманың жүйесіздігінен зардап шеккендер деп есептеймін, құқық қорғау органдары заңның «саңылау» тұстарын өздері жақтырмайтындарға қарсы осылайша пайдаланып отыр.
Біздің партияда болған, кейін кетіп қалған Айдос Садықов билікке ұнамайтын қатал, принципті әрі сыншыл бағытты ұстанды. Нарымбаев болса, пикеттер ұйымдастырып, оған қоса конституциялық құқығы бойынша өз пікірін білдіріп жүрді. Сондықтан олар бір кезде біз бастан кешкен жағдайға ұшырап қалды.
Кезінде өзім басшылық еткен Қазақстан республикалық халық партиясына (ҚРХП) қатысты салық төлемеген деген айыппен іс қозғалғаны әлі есімде. Ақыры салық комитетінің төрағасы сотта бізге еш кінә арта алмайтынын және қаладағы салығын уақтылы төлейтін үздік салық
Заңдарды өзгертіп, құқық қорғаушы органдардың қызметіне бақылау жүргізіп, жергілікті депутаттық корпустың жұмысын жандандыруымыз керек. Мәселен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты полиция жетекшісін шақырып алып, мән-жайды сұрай алатындай жағдай жасау қажет.
Ал Айдос Садықовқа қатысты болған жағдайды провокация деп бағалаймын. Біз «Азат» ЖСДП-ның Ақтөбедегі филиалының жетекшісі Мейрамбек Камаловпен сөйлестік. Бұл жағдайды бақылауда ұстаймыз. Бірақ билік Айдосты оның принципшілдігі үшін отырғызып қоямын десе, ол оны істей алады. Бірақ біз ол үшін күресеміз. Қорғаушылармен байланыс орнатып, оның отбасына моральдық әрі материалдық та көмек көрсетеміз.
Айнұр Құрманов:
– Маған қатысты қылмыстық істің жалған әрі қолдан жасалған әдістері өзгеріп отырды. Бұл дегеніміз, біздің елде де оппозиция белсенділеріне қатысты субстанция болып табылады. Бұл жаңалық емес, 1990 жылдары қолданысқа енген әділетсіз әдістер ғана.
Радикальды әдістерді еске түсіруге көрші Қырғызстандағы жағдай себеп болды деп ойлаймын. Акорданы үрей иектеп алды. Сондықтан да олар бізде де осындай оқиғалар болмасы үшін оның алдын алған түрлері. Екінші жағынан, бұл саяси элита ішіндегі дағдарысты да байқатады. Әлеуметтік қарсылықты ауыздықтау үшін билік репрессиядан басқа жолды таппады. Барлық майданда да шабуыл басталып кетті десе болады.
Мысалы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бір сұхбатында эмигранттарды қауіпті әлеуметтік элементтер деп салды. Міне, бұл - елде оппозиционерлер мен қоғамдық ұйымдар соңынан ілесетін, басқаша ойлайтын жандарға қарсы тұтастай науқан жүріп жатқандығын байқатады.
АҚОРДА АҢСАҒАН САММИТКЕ ДАЙЫНДЫҚ
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, ЕҚЫҰ төрағасы Ақорда Астанада өткізбекке тізеге салып жүрген ұйым саммиті бәрібір өтетінге ұқсайды. Енді саммит қарсаңында оппозиция мен сөз бостандығына қысым азайып, Ақорда «Мадридтегі уәдесін» орындап, ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретіндегі халықаралық міндеттерін қаншалықты орындайды, ең құрығанда орындауға тырысады деп үміттенуге бола ма?
Жасарал Қуанышәлин:
– Қазіргі елдегі саяси ахуал біздің Ақорданың халықаралық ұйымды басқарып отырғанын ескермейтінін, Қазақстан туралы басқалар не ойлайды. не айтады деген мәселелерді көзге ілмейтінін көсретеді. Билік бұл бағытта өз алған бетінен қайтпайды. Бұл аздай Қазақстан ЕҚЫҰ-ға кіргеннен кейін репрессия, қуғын-сүргін үдей түсті.
Бұл дәйектер барша ел құрметтейтін әрі өзінің бет-бейнесін сақтау үшін бағынатын халықаралық нормалардан шығып кеткен әрекетті көрсетеді. Алайда Қазақстан халықаралық аренада мәдениетті көріну керек.
Қазақстан – біздің Отанымыз. Бірақ біз мұны жиырма жыл бойы басымызға әңгіртаяқ ойнатып келе жатқан билікке бағыттап айта алмаймыз.
Сондықтан да, халықаралық деңгейдегі болсын, ел ішіндегі болсын, түрлі жиын-саммиттер, өкінішке қарай, Қазақстан деп аталатын полицейлік мемлекеттің жүргізіп отырған репрессиялық саясатына тосқауыл бола алмайды.
Андрей Гришин:
– Сайып келгенде, саммит Қазақстан билігінің қолынан не келерін көрсетпеуге мәжбүрлейтін болмашы факторлардың бірі бола алар еді. Бірақ қалай болғанда да саммит өтетін болды. Бұл Ақорда мен Батыс басшыларының белгілі бір келісімге келгендігін көрсетеді. Басқаша жобалаудың реті жоқ.
Өткен аптада ЕҚЫҰ елдері министрлерінің бейресми басқосуы кезінде қазақстандық адам құқығын қорғаушылар кейбір делегациялармен кездесіп, олардан көңіл құлазытарлық жайттар естіді. Олардың айтуынша, енді бәрі басқаша өрбиді: біздің аймағымызда демократияның дамуына бөлінетін қаржылай көмек қысқарады да, керісінше, Ақордаға қысым азаймақ.
Айнұр Құрманов:
– Бұл жерде еуропалық алыпсатарлық саясаттың сүйікті әдісі – демократияны мұнайға айырбастау жасалды. Әңгіме тіпті Қазақстан
Қазіргі бизнес элитада, бүгінгі еуропалық саясатқа біздің билікте кім отырса да бәрібір деп ойлаймын. Тек кім отырса да сол билік еуропалық корпорациялар мен компаниялардың мүддесін қорғаса болғаны. Сондықтан да Батыс пен Еуропа Назарбаев жағында. Бұл жағдайды Батыстың Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қатынасынан да байқауға болады..
Жүргізуші:
– Осыған дейін бірнеше рет түрлі айыптар тағылып, істі болған «Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбілов те билік кінә артқан оппозиция төрағасын я болмаса тәуелсіз баспасөз бен журналисті соттың ақтап шығарғанына нақты мысал келтіре алмаған еді.
Болат Әбілов:
«Сайып келгенде Қазақстан билігі тек өз қарсыластарын ғана емес, сонымен бірге басқаларды да құрықтауымен ерекшеленеді. Қазақстанда қозғалған істің бір ақ пайызы ақталады. Ал әлемдік тәжірибе айыпқа тартудың өзі он пайызды құрайды. Бұдан көретініміз, біздің еліміз құжынаған қылмыскерлер және тым әділ тәртіп сақшылар мен қаржы полициясы, ҰҚК-нен тұратындай әсер береді.
Бұл жағдайда Әкежан Қажыгелдинге қатысты сот ісін еске түсіруге болады. Ол премьер-министр болған кезде оған ешкім ешқандай кінә арта алмаған. Ал қалай ол президент сайлауына қатысқаны сол еді, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы сияқты мысалдар көп. Ал жеке өзіме келсем, маған қатысты біраз қылмыстық істер қозғалды, түрлі мерзімдер де кесілді. Сондағы бар мақсат мені парламент сайлауына жібермеу болатын. Олар қалағандарына қол жеткізді де».
Жүргізуші:
– Құрметті мырзалар, дөңгелек үстелге қатысқандарыңыз үшін рақмет.
Дөңгелек үстелді «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлыұлы жүргізді.
ӘБІЛОВ ПЕН ФУРАЖКА
Жүргізуші:
– «Арман» қозғалысының басшысы Ермек Нарымбаевқа маусым айында «тәртіп сақшыларына қарсы күш көрсетті» және «соттың абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтты» деген айып тағылып, төрт жыл түрмеге кесілді. Тағы бір мысал, шілдеде ақтөбелік оппозициялық саясаткер Айдос Садықов та «бұзақылық жасады» және «тәртіп сақшыларына қарсылық танытты» деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айрылды.
Қазақстанның саяси аренасындағы соңғы оқиғалар өзіне жақпаған саясаткерлерге қарсы биліктің жаңаша әрекетін көрсетіп отыр. Бұрын билік мұндайда "аяйтын әдістеме" қолданушы еді. Оған мысалы, «Қазақстанның социалистік қарсылығы» қозғалысының басшысы Айнұр Құрмановтың бірнеше рет «рұқсат етілмеген шерулерді ұйымдастырды әрі соған қатысты» деген айыппен он бес тәулікке қамалғанын айтуға болады. Бұл айып бұған дейін де бірқатар лидерлер мен белсенділерге тағылған еді.
2005-2006 жылдары болған осындай бір оқиға туралы Азаттық радиосына «Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбілов баяндаған еді. Ол былай дейді:
«...Ол аяқ астынан Болат Әбіловтің бір жыл бұрын оны басынан ұрып, фуражкасын таптағанын есіне түсіріп, сотқа берді. Бұл 2006 жылдың жазы, 14 шілде еді. Маған ІІБ қызметкеріне дене жарақатын түсірген деген айып тақты. Кейін дәлізде кездескен ол менен кешірім сұрап, бұл іске амалсыздан барғанын айтты. Прокурор екі жыл шартты жаза сұрағанымен, сот қорықты ма, кім білсін, мені үш жылға кесті. Бірақ оппозиция өкілдері Айдос Садықов пен Ермек Нарымбаевқа тағылған айып пен кесілген мерзімдер енді биліктің осындай қадамға барғандығын байқатады».
Жоғарыда айтылған саясаткерлер ілгеріде көрсетілген айыптардан саяси астар аңғарғандарын жасырмайды. Олардың ойынша, Ермек Нарымбаев «тәртіп сақшыларына күш көрсеткені үшін» немесе «Соттың абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтқаны үшін» емес, «Назарбаев, кет!» деген ұраны үшін жазықты болған.
Оппозиция белсенділерін заң бұзушы, бұзақылар ретінде айыптау - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған жылда әрі Астанада өтетін ЕҚЫҰ ның саммиті қарсаңында Ақорданың өзінің саяси қарсыластарымен күрестегі жаңа әдісі ме?
Андрей Гришин:
– Ермек Нарымбаев пен Айдос Садықов биліктің түрмеге түрлі мерзіммен тоғытқысы келген саясаткерлер тізіміндегі алғашқылары ғана деп ойлаймын. Бұны Ақорданың елдегі басқа да қоғам қайраткерлеріне сездірген емеуріні деп бағалауға болар. Қазір дөңгелек үстелге Айнұр Құрманов қатысып отыр. Алайда ол да осындай жағдайға тап болуы мүмкін.
Бірнеше күн бұрын Өскемен түрмесінен Евгений Жовтис телефон шалды. Ол да билік әртүрлі әрекетке бара алады деп қауіптенетін басқа да саясаткерлердің басына осындай күн тууы мүмкін екенін, яғни оларға да осы да тактика қолданылуы ықтимал екенін айтып отыр.
Жасарал Қуанышәлин:
– Садықов пен Нарымбаев сынды саясаткерлерге тағылғандай погон жұлу, түйме түсіру секілді айыптармен жазалау – Ақорданың ноу-хауы, ал құқық қорғау органдары осы «ұлы» жоспарды орындаушылар ғана. Бұл жағдайда мен оларды «қисыққорғау» органдары деп
Полицейлер Ермек Нарымбаевты сот залынан тергеу абақтысына күштеп алып кетпек болып жатыр. Алматы, 14 мамыр 2010 жыл.
атар едім.Мүмкін олар өздерінің ойлап тапқан дүниелеріне «патент» алған да шығар, енді оны іс жүзінде адамдарға, саясатқа пайдаланып жүр, әрі «сәтті» жүзеге асырып отыр. Осындайда сол кезде өзі жүре алмай әлсіреген Ермек Нарымбаевтың «қалта. погон жыртып» төрт жылға сотталғаны еске түседі.
Енді екінші фактіні қарастырып көрейік, егер адам баласы «полицейдің киімін қатты жыртса» екі жылға ғана сотталуы керек. Қазақстандық тәртіп сақшылары мәселеге басқаша келіп, бұл жаңалықтарын әлемдік масштабта жарнамалап, өздерінің адамгершілікке қарсы жетістіктерін басқа елдегі әріптестеріне ұсынуға бар.
Әміржан Қосанов:
– Мен Андрей Гришин мен Жасарал Қуанышәлиннің сөздерімен толықтай келісемін. Олар - Қазақстандағы қалыптасқан жағдай туралы ашық айта алатын адамдар. Мен Айдос Садықов пен Ермек Нарымбаев заңнаманың жүйесіздігінен зардап шеккендер деп есептеймін, құқық қорғау органдары заңның «саңылау» тұстарын өздері жақтырмайтындарға қарсы осылайша пайдаланып отыр.
Біздің партияда болған, кейін кетіп қалған Айдос Садықов билікке ұнамайтын қатал, принципті әрі сыншыл бағытты ұстанды. Нарымбаев болса, пикеттер ұйымдастырып, оған қоса конституциялық құқығы бойынша өз пікірін білдіріп жүрді. Сондықтан олар бір кезде біз бастан кешкен жағдайға ұшырап қалды.
Кезінде өзім басшылық еткен Қазақстан республикалық халық партиясына (ҚРХП) қатысты салық төлемеген деген айыппен іс қозғалғаны әлі есімде. Ақыры салық комитетінің төрағасы сотта бізге еш кінә арта алмайтынын және қаладағы салығын уақтылы төлейтін үздік салық
Сот үкімі шыққан соң полицейлер Айдос Садықовты сот залынан әкетіп барады. Ақтөбе, 16 шілде 2010 жыл.
төлеушісі екенімізді айтқан еді.Заңдарды өзгертіп, құқық қорғаушы органдардың қызметіне бақылау жүргізіп, жергілікті депутаттық корпустың жұмысын жандандыруымыз керек. Мәселен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты полиция жетекшісін шақырып алып, мән-жайды сұрай алатындай жағдай жасау қажет.
Ал Айдос Садықовқа қатысты болған жағдайды провокация деп бағалаймын. Біз «Азат» ЖСДП-ның Ақтөбедегі филиалының жетекшісі Мейрамбек Камаловпен сөйлестік. Бұл жағдайды бақылауда ұстаймыз. Бірақ билік Айдосты оның принципшілдігі үшін отырғызып қоямын десе, ол оны істей алады. Бірақ біз ол үшін күресеміз. Қорғаушылармен байланыс орнатып, оның отбасына моральдық әрі материалдық та көмек көрсетеміз.
Айнұр Құрманов:
– Маған қатысты қылмыстық істің жалған әрі қолдан жасалған әдістері өзгеріп отырды. Бұл дегеніміз, біздің елде де оппозиция белсенділеріне қатысты субстанция болып табылады. Бұл жаңалық емес, 1990 жылдары қолданысқа енген әділетсіз әдістер ғана.
Радикальды әдістерді еске түсіруге көрші Қырғызстандағы жағдай себеп болды деп ойлаймын. Акорданы үрей иектеп алды. Сондықтан да олар бізде де осындай оқиғалар болмасы үшін оның алдын алған түрлері. Екінші жағынан, бұл саяси элита ішіндегі дағдарысты да байқатады. Әлеуметтік қарсылықты ауыздықтау үшін билік репрессиядан басқа жолды таппады. Барлық майданда да шабуыл басталып кетті десе болады.
Мысалы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бір сұхбатында эмигранттарды қауіпті әлеуметтік элементтер деп салды. Міне, бұл - елде оппозиционерлер мен қоғамдық ұйымдар соңынан ілесетін, басқаша ойлайтын жандарға қарсы тұтастай науқан жүріп жатқандығын байқатады.
АҚОРДА АҢСАҒАН САММИТКЕ ДАЙЫНДЫҚ
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, ЕҚЫҰ төрағасы Ақорда Астанада өткізбекке тізеге салып жүрген ұйым саммиті бәрібір өтетінге ұқсайды. Енді саммит қарсаңында оппозиция мен сөз бостандығына қысым азайып, Ақорда «Мадридтегі уәдесін» орындап, ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретіндегі халықаралық міндеттерін қаншалықты орындайды, ең құрығанда орындауға тырысады деп үміттенуге бола ма?
Жасарал Қуанышәлин:
– Қазіргі елдегі саяси ахуал біздің Ақорданың халықаралық ұйымды басқарып отырғанын ескермейтінін, Қазақстан туралы басқалар не ойлайды. не айтады деген мәселелерді көзге ілмейтінін көсретеді. Билік бұл бағытта өз алған бетінен қайтпайды. Бұл аздай Қазақстан ЕҚЫҰ-ға кіргеннен кейін репрессия, қуғын-сүргін үдей түсті.
Ермек Нарымбаевтың жақтастары оппозиция белсендісіне соттың шығарған үкімін тыңдап тұр. Алматы, 23 маусым 2010 жыл.
Назарбаевтың жеке-дара билік режимі ахуалды ушықтырып жіберді.Бұл дәйектер барша ел құрметтейтін әрі өзінің бет-бейнесін сақтау үшін бағынатын халықаралық нормалардан шығып кеткен әрекетті көрсетеді. Алайда Қазақстан халықаралық аренада мәдениетті көріну керек.
Қазақстан – біздің Отанымыз. Бірақ біз мұны жиырма жыл бойы басымызға әңгіртаяқ ойнатып келе жатқан билікке бағыттап айта алмаймыз.
Сондықтан да, халықаралық деңгейдегі болсын, ел ішіндегі болсын, түрлі жиын-саммиттер, өкінішке қарай, Қазақстан деп аталатын полицейлік мемлекеттің жүргізіп отырған репрессиялық саясатына тосқауыл бола алмайды.
Андрей Гришин:
– Сайып келгенде, саммит Қазақстан билігінің қолынан не келерін көрсетпеуге мәжбүрлейтін болмашы факторлардың бірі бола алар еді. Бірақ қалай болғанда да саммит өтетін болды. Бұл Ақорда мен Батыс басшыларының белгілі бір келісімге келгендігін көрсетеді. Басқаша жобалаудың реті жоқ.
Өткен аптада ЕҚЫҰ елдері министрлерінің бейресми басқосуы кезінде қазақстандық адам құқығын қорғаушылар кейбір делегациялармен кездесіп, олардан көңіл құлазытарлық жайттар естіді. Олардың айтуынша, енді бәрі басқаша өрбиді: біздің аймағымызда демократияның дамуына бөлінетін қаржылай көмек қысқарады да, керісінше, Ақордаға қысым азаймақ.
Айнұр Құрманов:
– Бұл жерде еуропалық алыпсатарлық саясаттың сүйікті әдісі – демократияны мұнайға айырбастау жасалды. Әңгіме тіпті Қазақстан
Қазақстан сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қанат Саудабаев (оң жақта) ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрин де Бричамбаутпен бірге. Алматы, 16 шілде 2010 жыл.
жайында да емес. Тұтасымен алсақ, бұрынғы еуропалық саясат, Батыс пен Еуропаның бұрынғы шығыс блогына қолданған ежелгі демократиялық принциптері жүзеге асып отыр. Совет одағы кезінде бұл принциптер ең құрығанда айтылып тұратын, қазір болса бұл принциптер тарих жиегіне шығып, саяси тұрғыда жуып-шайылып жатыр Қазіргі бизнес элитада, бүгінгі еуропалық саясатқа біздің билікте кім отырса да бәрібір деп ойлаймын. Тек кім отырса да сол билік еуропалық корпорациялар мен компаниялардың мүддесін қорғаса болғаны. Сондықтан да Батыс пен Еуропа Назарбаев жағында. Бұл жағдайды Батыстың Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қатынасынан да байқауға болады..