Accessibility links

Экс-министр Ысқақовты түрмеге отырғызуға негіз болған конденсаторлар әлі залалсыздандырылған жоқ


«Дариал-У» нысанындағы қоймада жинақталған улы конденсаторлар. Балқаш, 23 маусым 2009 жыл.
«Дариал-У» нысанындағы қоймада жинақталған улы конденсаторлар. Балқаш, 23 маусым 2009 жыл.

Балқаш көлі маңындағы улы конденсаторлар әлі күнге дейін әкетілген жоқ. Мамандар бұл аудандағы экологиялық ахуалдың нашарлап кетуін ескертіп отыр. Қазақстан аса улы қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт сатып алмақшы.


МӘСЕЛЕ ӘЛІ КҮНГЕ ШЕШІЛГЕН ЖОҚ

2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовпен кездескен соң, министрліктің баспасөз-қызметі: «Мемлекет басшысы министрлік басшылығына Балқаш көлі маңындағы «Дарьял-У» нысанында жинақталған химиялық жағынан қауіпті конденсаторлардың мәселесін биылғы жылдың барысында шешу жөнінде тапсырма берді», – деп жазған еді.

Алайда 2009 жылдың соңына дейін министр бұл тапсырманы орындай алмады. Өйткені, бұрынғы министр Нұрлан Ысқақовтың сотына
Тоналып, өртенген бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық бекеті. Балқаш, 23 маусым 2009 жыл.
байланысты туындаған проблемалар улы конденсаторларды толығымен Қазақстаннан Германияға әкетуге кедергі болуда.

БҰҰ тарапынан қоршаған ортаға зиян әкелетін органикалық улы заттардың қатарына жатқызылған полихлордефинилді Германияда қайта өңдеу жобасына байланысты қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшылығы жауапқа тартылғаны мәлім. Бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен оның орынбасарлары Астана қаласы Есіл аудандық сотының үкімімен айыпты деп танылып, түрлі мерзімдерге жазаланған болатын.

Қазақстан президентінің тапсырмасын орындау барысында негізгі қорытынды мынаған келіп тірелді. Неміс компаниясы қалған конденсаторларды қайта өңдеуден тегін өткізіп береді. Есесіне, Қазақстан олардан өте улы заттарды қайта өңдейтін зауытты сатып алатын болады.

Қазіргі министр Нұрғали Әшімов бұл жайында парламенттің төменгі палатасында хабарлады. Келісімнің ең маңызды тұсы – неміс үкіметі Қазақстан жағы сатып алып отырған қалдықтарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құнының 40 пайызына дейін орнын толтыруға даяр.

ТОҚТАП ҚАЛҒАН ФИРМА

Алайда неміс кәсіпкері Борис Меклер Азаттық радиосына телефон арқылы хабарласқанда жобаны жүзеге асыруға байланысты өз қаупін айтты. Естеріңізге сала кетсек, Германия азаматы Борис Меклер іс жүзінде нысанның қожасы болып табылады. Бірақ Нұрлан Ысқақовқа қатысты жүргізілген сот процесі барысында Меклермен байланысы бар қарағандылық «Меркурий Плюс» кәсіпорны да қылмыстық қудалауға түсті.

Борис Меклердің берген ақпараты бойынша, немістің округтік үкіметі экология министрі Нұрғали Әшімовпен кездескен соң тек қазақстандық
Неміс кәсіпкері, Қарағанды қаласының бұрынғы тұрғыны Борис Меклер. Қоғамдық ұйымның альбомындағы сурет. Астана, 4 маусым 2008 жыл.
«Меркурий Плюс» кәсіпорнының қазақстандық қалдықтарды алып кіруге арналған лицензиясын ұзартты да қойды.

Алайда, оның айтуынша, Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен, қазір қимылсыз қалған, шотында нөлдік балансы бар қарағандылық фирма бұрын республикалық бюджеттен бөлінген 1 миллиард 172 миллион теңгенің шығын болған 800 миллион теңгесін Қазақстанға қайтаруы керек.

Неміс кәсіпкері шығарылған сот шешіміне заңдық сараптау жүргізуді талап етіп отыр. Және ол: «егер біреу бюджет қаржысын жымқырса, олар анықталды. Бұл жерде серіктестіктің қандай кінәсі бар? Кінәлілер табылып, жазаланды емес пе», – дейді.

Бұдан бұрын, Нұрлан Ысқақовтың апелляциялық шағымын қарау барысында, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің нақтыланған деректерін қаперге алған жоқ. Соңғы деректерге сәйкес, сот барысында
«Балқаш-9» нысанын бөлшектеу туралы «Меркурий Плюс» фирмасының директоры Сергей Походяевтың өтініші.
қаралған 15 мың конденсатордың шамамен 4500-і қазір «Балқаш-9» нысанында сақталуда. Қалған конденсаторларды «Меркурий Плюс» кәсіпорыны 2007-2008 жылдары Германияға жіберіп, олар Дортмундта қайта өңделген.

Қазіргі уақытта «Меркурий Плюс» кәсіпорнының соңғы директоры Сергей Походяев бой тасалап жүр. «Бұл жобаның аяқталуы Сергей Походяевке байланысты. Ал оны қалай іздестіріп жатқанын білсеңіздер ғой», – дейді бұл жағдайға байланысты Борис Меклер.

«Жергілікті қаржы полициясы оған қарсы толып жатқан жаңа қылмыстық істер қозғады. Балқаш қаласы полициясының қалқалауымен нысан талан-таражға салынды. Ал ол барлық ақша ұрланып, шоттар мен нысан тұтқындалған соң ғана келген. Қазір ол Мәскеуде және Қазақстанға келуге аса құлшынбайды», – дейді Борис Меклер.

Ал қазіргі министр Нұрғали Әшімовті «мықты технар» деп атаған Меклер онымен арадағы байласқан «жігіт сөзін» берік ұстап, бұған дейін өзі айтқанды, яғни Қазақстан үкіметін Париждің арбитраждық сотына беру туралы ниеті бар екендігін Азаттық радиосына растаудан бас тартты.

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИЗНЕС»

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов 2009 жылдың 11 желтоқсанында, күшті органикалық улы заттар нысанның қабырғасына сіңіп кеткендіктен, жылдың соңына дейін «Балқаш-9» нысанында төтенше экологиялық жағдай жариялау туралы ойы барлығын айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, сот процесі барысында тәуелсіз эколог, Денсаулықты қорғау және экожобалау орталығының сарапшысы Наталья Франковская 2007 жылы алған тексерулердің нәтижесі полихлордефинил тек жағалаудағы судың құрамында ғана емес, сонымен бірге, топырақта, ауда және тіпті жабайы бөдененің етінде де бар екендігі анықталды деп айтқан еді.

Қазіргі уақытта, пессимистік сценарий бойынша, алып нысанның ғимаратын бұзып, оны сол жақта көму үшін Семей ядролық полигонына алып кету туралы ұсыныс қарастырылуда.

Алайда, Азаттық радиосына министрлік баспасөз-қызметінің жетекшісі Аида Әбенованың хабарлағанындай, ведомоствоаралық
«Балхашцветмет» кәсіпорнының сыртқы көрінісі. Балқаш, 1 аусым 2009 жыл.
комиссияның алғашқы отырысы «ұйымдастыру сипатында» болған. Бұл комиссияға денсаулық сақтау, ішкі істер, төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің, Қарағанды облыстық әкімдігінің өкілдері кіреді.

Астанада 22 қаңтарда өтетін екінші отырысқа ішкі істер министрлігі аталған нысанды қорғаудың сметасын ұсынуы қажет.

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (UNEP) 12 улы химиялық заттарды аса қауіпті деген тізімге енгізді. Бұның ішінде полихлордефинил де бар. Бұлар бірінші кезекте жойылуға немесе өндіру мен пайдалануда шектеу қойылуы тиіс химиялық заттарға жатады.

Қазақстанда күшті органикалық ластаушы заттарды қоршаған ортаға шығаратын негізгі көздердің қатарына: советтік кезеңдегі ауыл шаруашылық пестицидтері, полихлодифенилі бар ескі технологиялық құралдар, толып жатқан полигондар мен қоқыстар жатады.

Кейбір деректерге қарағанда, алдын ала тізімдеуден кейін Қазақстан аумағында анықталған полихлордефинилі бар қалдықтардың мөлшерін экологтар 250 мың тонна деп бағалады.

«Сіздердің болашақ зауыттарыңыз 15-17 жылға толықтай жұмыспен қамтамасыз етілген», – дейді Қазақстандағы ластану дәрежесіне байланысты елдің бұрынғы азаматы, ал қазір жолы болғыш кәсіпкер Борис Меклер.

Қазақстандағы «экологиялық» бизнесте аузы күйгеніне қарамастан ол жаңа жұмыстарға да қызығушылық танытып отырғанын жасырмайды. «Бұл өте жақсы бизнес және мен бұл бағытта шын ықыласыммен қаржы салып, жұмыс істеймін», – деді ол.

Ал Балқаш көлінің балығына келсек, ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылғы комитеті Балқаш-Алакөл аумақтық балық инспекциясының ихтиология және қадағалау бөлімінің бастығы Мәулен Дүйсебаев Наталья Франковскаяның сөзіне қарсы уәж айтады.

Ол Азаттық радиосына телефон арқылы: «Балқаш көлінен ауланатын балықтың 60 пайызға дейіні Еуропалық одақ елдеріне, Ресейге, Беларусь пен Украинаға экспортқа шығарылады. Олар сол жақта ауыр металдар мен пестицидтерге қатысты қосымша тексеруден өтеді» деп мәлімдеді. Бірақ Мәулен Дүйсебаев ішкі нарықта «мұндай тексерумен ешкімнің арнайы айналыспайтындығын» жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG