Украин шабуылынан соң өртке оранған қала. Туапседе не боп жатыр?
Украина 12 күн ішінде үшінші рет Ресейдің Қара теңіз жағасындағы ірі мұнай өңдеу терминалына соққы берді. Бұл Туапсе қаласында тағы да өрт шығуына себеп болып, тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер бұған дейінгі шабуылдан шыққан өртті енді ғана өшіріп болған еді. 28 сәуірде аспанға қою түтін көтеріліп, төбеден мұнай тамшылаған, соның салдарынан жағажай ластанғаны айтылады. Қазір аймаққа экологиялық апат қаупі төніп тұр.