Украинаға жиілеген шабуыл, оқ астында еркіндігін тойлаған Херсон. Соғыстағы ахуал
Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірген кезде сегіз ай оккупацияда болып, кейін 11 қарашада азат етілген Херсон еркіндік күнін тойлады. Ресейдің шебімен іргелес қалаға Владимир Зеленский барды. Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский Запарожье облысында үш елдімекенді ресейлік әскердің басып алғанын айтты.