Accessibility links

Украина Курск облысында "қаза тапқан солтүстік кореялық әскерилердің" фотосын жариялады


Украиналық әскерилер Курск облысында қаза тапқан ресейлік және солтүстік кореялық солдаттар деген фото мен видео жариялады. Бұл туралы Азаттықтың Украина қызметінің "Схемы" жобасы жазды.

Редакцияда Курск облысында соғысып жүрген Украина қарулы күштері ұсынған фотолар бар. Бірақ журналистер суретті тәуелсіз дереккөздер арқылы тексере алмайды. Фотода бүлінген техниканың жанында ондаған мәйіт жатыр.

Ресейдің Курск облысындағы шығыны жайлы Украина қарулы күштерінің Мадьяр лақап атымен белгілі әскериі де жазды. Ресейлік әскери сарапшы Ян Матвеев телеграм-каналында "Солтүстік Корея әскерилері Ресейдің 810-теңіз әскері бригадасымен бірге" деген фото да жариялады. Бұған дейін Ресейдің Z-блогерлер Курск облысындағы Плехово ауылы маңында Солтүстік Корея әскерилері соғысқанын жазған. Бірақ бұған қатысты ресми ақпарат болмады.

Ал әскери журналист Сергей Ауслендер "Солтүстік Корея әскерилері соғысқа араласты, олар Украинаның Курск облысы Плехово ауылы маңындағы шебін шабуылдады" деп жазған еді.

Британиялық Financial Times және украиналық "Суспильне" телеграм-каналының Украина әскеріндегі дереккөздері Солтүстік Корея әскерилері соғысқа 5 қарашада араласты деп жазған еді.

Ал 14 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Пхеньян жіберген әскерилер Курск облысындағы шайқасқа араласқанын мәлімдеген. Зеленский "Ресей Солтүстік Корея әскерилерін Курск облысындағы операцияларға пайдаланып жатыр. Әзірге Курск облысында" деген.

Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау қызметі "кейінгі уақытта Солтүстік Кореяның екі жүздей әскериінен айырылды" деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG