Жаркент гарнизонында бір офицер қаза болды.
Құрлық әскерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қарашада “қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылуы салдарынан” бір офицер алған жарақаттан қайтыс болған.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды” деп жазылған ресми хабарламада.
Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар, офицерлер арасында өлім-жітім жиілеп барады. Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР