Accessibility links

Испанияда су тасқынынан 90-нан астам адам опат болды


Испаниядағы су тасқыны
Испаниядағы су тасқыны

Испанияның оңтүстік-шығысындағы Валенсия аумағында су тасқынынан соңғы мәлімет бойынша, кемінде 95 адам қаза болған. Табиғи апат болмай тұрып, сейсенбі күні жаңбыр жауып, соңы қатты желге ұласқан.

Әлеуметтік желілерде су тасқынынан қашқан тұрғындардың ағашқа шығып алғаны, сонымен бірге өрт сөндірушілердің батып бара жатқан көліктерден адамдарды құтқаруға тырысып жатқаны жөнінде видеолар тарады. Баспасөз жиыны кезінде аймақ басшысы Карлос Масон су тасыған кейбір аймақтарға бару мүмкін болмай отырғанын, ондаған адам із-түзсіз жоғалғанын айтты.

Құтқару жұмыстарына төтенше жағдай жөніндегі әскери бөлімдер жұмылдырылған. Табиғи апаттан қатты зардап шеккен аудандарда мектептер мен негізгі қызмет көрсету орындарының жұмысы тоқтатылып, Мадрид және Барселонамен темір жол қатынасы үзілген.

Валенсияда соңғы рет ірі су тасқыны 2023 жылы қыркүйекте болған: ол кезде табиғи апаттан кемінде үш адам опат болған.

Ғалымдар климаттың өзгеруінің салдарынан ауа райының күрт құбылуы жиілегенін айтып отыр. Метеорологтардың айтуынша, Жерорта теңізіндегі температураның жоғарылауынан булану деңгейі артып, жауын-шашын мөлшеріне әсер еткен деп жазды Reuters.

XS
SM
MD
LG