Accessibility links

Еурокомиссия Венгрияның Еуроодаққа төрағалығына бойкот жасады


Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен.
Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен.

Еурокомиссия (ЕК) жетекшісі Урсула фон дер Ляйен ЕК алқасының Венгрияға сапарын тоқтатты және өкілдіктің Венгрия төрағалық ететін Еуропа кеңесінің бейресми отырыстарындағы деңгейін төмендетті. Бұл жаңалықты Euronews телеарнасы хабарлады.

Еуропа комиссиясы "Виктор Орбанның Мәскеу мен Пекинге жасаған даулы сапарларына" жауап ретінде Венгрияның ЕО кеңесіне төрағалығына бойкот жасау жөнінде шешім қабылдады, көбі мұны блоктың саяси бірлігін қорлау деп есептеген", – деп жазылған халықаралық телеарна сайтында жарияланған ақпаратта.

"Венгрия төрағалығына байланысты кейінгі оқиғаларды ескере отырып, жетекші (Урсула фон дер Ляйен) Еурокомиссия кеңестің тек бейресми отырыстарына аға мемлекеттік қызметкер деңгейінде қатысады деп шешті", – деді ЕК өкілі Эрик Мамер.

"(Еурокомиссия) алқасы төрағалық етуші елге сапар шекпейді", – деді ол.

Жақында Мәскеуге сапармен барған Орбан Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Бірнеше күннен кейін Киевтегі балалар ауруханасына Ресей әскерінің ракетасы түсті.

Пекинде Орбан Си Цзиньпиннің "Қытайдың бейбітшілік жоспарын" жоғары бағалады, оны ЕО басшылығы қабылдамаған еді.

"Қытай – әу бастан бейбітшілік қағидатын ұстанатын әлемдегі жалғыз держава", – деді Орбан.

Будапешт Орбанның "бітім миссиясы" деп аталатын сапары екіжақты дипломатия бойынша жүзеге асырылды дейді. Алайда халықаралық сапардың уақытын, таңдаған елдері мен ЕО-дағы Венгрия төрағалығының ресми белгісін пайдалануын айыптағандар болды.

Орбан бұған қоса түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысқан, оған тек Түркия мойындаған "Солтүстік Кипр Түрік Республикасы" кіреді, мұны да айыптағандар бар.

Урсула фон дер Ляйен қабылдаған Еурокомиссия шешімі Брюссель Будапештің жыл аяғына дейін өткізгелі отырған іс-шараларына ең жоғары деңгейде қатыспайды дегенді білдіреді.

Венгрияның ЕО істері бойынша министрі Янош Бока төрағалық етуші ел "ортақ мәселелерді" шешуге әлі де "шынайы әріптестікке адал" екенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG