Accessibility links

Қазақстанда су ресурстарын реттеу жөніндегі комитет құрылды


Ақжар ауылына су әкелген сәт. Шымкент қаласы, 22 қазан 2018 жыл.
Ақжар ауылына су әкелген сәт. Шымкент қаласы, 22 қазан 2018 жыл.

Қазақстанда судың заңсыз нарығынмен күресті күшейту үшін су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі комитет құрылды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет суды заңсыз пайдалануға және оны есепке алу дерегін бұрмалауға байланысты, сондай-ақ елдегі су нысандарындағы заңсыздықпен күреспек.

"Министрлік суды заңсыз пайдаланумен күрес іс-шараларын белсенді түрде қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы заңсыздықтардың алдын алуға және елдегі су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың заңсыз нарығына қарсы күресті едәуір күшейтуге тиіс", – деген су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазақстанда су тапшы, ел аумағының 2,8 пайызында су бар, үштен екісі судан алыс орналасқан. Су ресурстарының басым бөлігі көрші елдерден келеді.

Биліктің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, халыққа су жеткізу қалаларда 98,9 пайызға, ауылдарда 96,6 пайызға жеткен. Су елдің тек тоғыз аймағында 100 пайыз бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG