Accessibility links

Қазақстан қала мен ауылдағы байланыс сапасын бақылайтын картаны іске қосты


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев. Астана, 18 маусым, 2024 жыл.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев. Астана, 18 маусым, 2024 жыл.

Қазақстанда қалалар мен ауылдардағы байланыс сапасы мәселелерін бақылайтын онлайн-сервисті іске қосты.

"Әр азамат елдімекендердегі байланыс сапасындағы мәселелерді және оларды шешу жоспарын қарап, кез келген жердегі байланыс сапасына өз бағасын бере алады" деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 18 маусымдағы үкімет отырысында.

"Цифрлық телекоммуникация картасы" сервисі әзірге пилот режимде жұмыс істеп тұр.

Қазақстан билігінің мәліметінше, 1424 ауыл әлі мобильді интернет жоқ.

Мәдиев министрлік ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісіп, мемлекеттік мекемелерде (мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі ғимараттар жоқ жерде) базалық станциялар орнатуға рұқсат беретін нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізеді деді.

Министр елдегі базалық станцияларда радиосигналдың шекті деңгейінің нормативтерін қайта қарауды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда дамыған елдермен және жақын шетелдермен салыстырғанда 10-20 есе қатаң нормативтер бар. Мәдиев Германия, Франция, Англия және АҚШ сияқты елдер 200 мкВт/см² норматив бекітсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш 10 мкВт/см² деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір Wi-Fi желілері арқылы Voice Over Wi-Fi (VoWiFi) технологиясын іске қосу мәселесі қарастырылып жатыр. "VoWiFi байланыс нашар ұстайтын, бірақ Wi-Fi бар жерасты автотұрақтары немесе радиосигнал өтпейтін ғимараттарда оның сапасын жақсы ете алады" деді Мадиев.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG