Accessibility links

Reuters Institute: дүниежүзінде жаңалық білгісі келетіндер азайып барады


Дүниежүзінде адамдардың көбі жаңалықтарды іш пыстырады немесе күйзеліске түсіреді деп, қарағысы келмейді. Бұл туралы Reuters журналистиканы зерттеу институтының (Reuters Institute for the Study of Journalism) жаһандық зерттеуінде айтылған.

Биыл қаңтардан ақпанға дейін осы тақырыпта сауалнама жүргізіліп, оған 47 елден 95 мыңға жуық адам қатысқан. Әр 10 респонденттің төртеуі (39 пайыз) жаңалық көруден әдейі қашқақтайтыны анықталды. ВВС 2017 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен (29 пайыз) болған дейді.

Баяндама авторлары адамдардың жаңалықтан "жырақтауға" деген ұмтылысы Украина мен Таяу Шығыстағы соғыстардан туындауы мүмкін деп есептейді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қазір жаңалық қараудан қашуға ұмтылыс бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

Жаңалықтарды өте мұқият бақылап отыратынын айтқан респондентердің үлесі дүниежүзінде 2017 жылғы 63 пайыздан 46 пайызға дейін түскен.

Ұлыбританияда 2015 жылдан бастап жаңалықтарға қызығу шамамен екі есе төмендеген.

Интернетте, әсіресе жастар арасында видео-форматтағы жаңалықтар маңызды болып барады дейді зерттеу авторлары.

Есепке сәйкес, жұрттың көбі қысқа жаңалықтар видеосын қызықтайды. Бұл формат TikTok желісінде танымал.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG