Accessibility links

Израиль Газаға көмек баратындықтан соғысты тоқтата тұратынын хабарлады


Газа секторында қираған үй.
Газа секторында қираған үй.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көбірек жетуі үшін атыс-шабысты тоқтата тұратынын хабарлады.

"Керем-Шалом" бақылау-өткізу пунктінен Салах ад-Дин жолына апаратын жол бойында, содан кейін Газа секторының солтүстігінде таңертеңгі сегізден кешкі жетіге дейін гуманитарлық үзіліс болады деген ақпарат тарады.

Израиль армиясы телеграмдағы хабарламасында гуманитарлық үзіліс туралы шешімді БҰҰ-мен және халықаралық ұйымдармен қосымша талқылау өткізгеннен кейін қабылдағанын айтқан.

ЦАХАЛ Рафах қаласы орналасқан Газа секторының оңтүстігінде операция жалғасады деді. 15 маусымда Израиль армиясында айтарлықтай адам шығыны болған, БТР техникасы жарылып, сегіз сарбаз қаза тапқан.

10 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Газадағы атыс-шабысты кезең-кезеңімен тоқтату туралы қарарын қабылдады. Жоспар былтыр 7 қазанда ХАМАС тобы кепілге алған адамдарды босатуды, сектордан Израиль әскерін біртіндеп шығаруды және соғыстан кейінгі Газаны халықаралық бақылауды қалпына келтіруді көздейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG