Accessibility links

АҚШ соты үкіметке бизнесмен "Керимовке қатысы бар" кемені сатуға рұқсат етпеді


"Амадея" кемесі.
"Амадея" кемесі.

Нью-Йорк соты "Амадея" яхтасын сату жөнінде АҚШ үкіметінің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады. АҚШ билігі яхта ресейлік кәсіпкер Сүлейман Керимовке тиесілі деп есептейді. Сот шешім яхтаны тәркілеу туралы бұдан да үлкен процесс аясында шығарылды. Үкімет заңгерлері осы процесс кезінде "Амадея" кемесін ұстауға ай сайын салық төлеушілер қаржысынан 740 мың доллар шығын жұмсалып жатқанын алға тартып, бұғаттаулы тұрған яхтаны сатуға рұқсат сұраған.

Өзі қабылдаған шешімді түсіндірген кезде судья "Амадея" яхтасын ұстауға жұмсалатын шығын аса көп емес деген уәж айтқан.

Ұзындығы 106 метр, құны 325 миллион доллар тұратын "Амадея" кемесі Ресей Украинаға қарсы соғыс бастаған соң енгізілген санкцияларға сәйкес, 2022 жылдың сәуірінде АҚШ билігінің сұрауы бойынша Фиджиде ұсталып, бұғат салынған.

Вашингтон яхтаның иесі Сулейман Керимов деп есептейді. АҚШ ресейлік бизнесменді санкция режимін бұзды деп айыптап, соны алға тартып, кемені тәркілегісі, оны сатудан түскен ақшаны Украинаға бергісі келеді.

Сулейман Керимов бұл яхтаға қатысы жоғын айтады.

Құжаттар бойынша "Амадея" яхтасының иесі ретінде "Роснефть" компаниясының бұрынғы басшысы Эдуард Худайнатов көрсетілген, оның аты-жөні санкциялар тізімінде жоқ. АҚШ билігі құжаттағы жалған дерек, кеменің шын иесі ол емес дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG