Accessibility links

Солтүстік Корея әскері демилитаризация аймағында құрылыс салып жатыр


Кореяны екіге бөліп тұрған демилитаризация аймағындағы келісім ауылын күзетіп жүрген Солтүстік Кореяның сарбаздары. Пханмунджом, 20 маусым, 2018 жыл.
Кореяны екіге бөліп тұрған демилитаризация аймағындағы келісім ауылын күзетіп жүрген Солтүстік Кореяның сарбаздары. Пханмунджом, 20 маусым, 2018 жыл.

Солтүстік Кореяның әскери күштері Солтүстік және Оңтүстік Корея шекараларының түйіскен тұсында орналасқан демилитаризация аймағында құрылыс салып жатыр. Мұндай ақпаратты әскери дереккөзге сүйеніп Yonhap агенттігі таратты.

"Кейінгі кезде Солтүстік Корея әскери қызметшіері әскери демаркация сызығы мен демилитаризация аймағының солтүстік шекара сызығы арасындағы кейбір жерде қабырға тұрғызып, жер қазып, жол салып жатыр", – деген агенттік сөйлескен адам.

Солтүстік Корея әскері демаркация сызығының солтүстігінде ұзынынан ұзақ қабырға тұрғызбақыш ма, әлде белгілі бір тұсында қорғаныс шебін орнатып жатыр ма, ол жағы әлі белгісіз, деп хабарлады Сибирь.Реалии сайты.

  • Ені 4 км болатын демилитаризация аймағы 1950-53 жылдары болған Корей соғысына тоқтау салған келісімге сәйкес пайда болған.
  • 11 маусымда Солтүстік Кореяның 20-ға жуық әскер қызметкері елдің оңтүстік шекарасындағы демаркация сызығын кесіп өткен, бірақ Оңтүстік Корея қарулы күштері ескерту ретінде оқ атып, белгі бергеннен кейін кері оралған. Әскери бақылаушылар бұл оқиға "Солтүстік қабырға" құрылысымен байланысты болуы мүмкін деп топшылайды, дейді агенттік.
  • Биыл мамырдың аяғында Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарай қоқыс салынған қаптары бар мыңдаған әуе шарын ұшырған. Оған жауап ретінде маусым айында Сеулдегі үкімет 2018 жылы екі тарап арасында жасалған әскери келісімнің күшін толық тоқтата тұруды мақұлдады. Оның алдында Оңтүстік Корея президенті жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесі "қоқыс шабуылына" қарымта ретінде Жан-жақты әскери келісімнің күшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған.
  • Келісім күшін тоқтата тұру Оңтүстік Кореяға шекара маңында әскери жаттығуларды жалғастыруға, оған қоса шекара аумағында дауыс үдеткіштер арқылы Солтүстік Корея тұрғындарына арналған хабар таратуға мүмкіндік береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG