Accessibility links

Таиланд БРИКС ұйымына қосылуға өтініш берді


БРИКС саммиті. 2018 жыл.
БРИКС саммиті. 2018 жыл.

Таиланд Ресейге БРИКС ұйымына қосылғысы келетінін ресми түрде хабарлады. Таиланд СІМ басшысы Марис Санджампонгса 11 маусымда бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа хат жолдаған.

БРИКС – Мәскеу ұсынысы бойынша құрылған мемлекетаралық экономикалық бірлестік. Таиланд өтініші қабылданса, ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен ұйымға кірген алғашқы ел болмақ. Елдің сыртқы істер министрлігі Бангкок шешімін ұйымның барлық мүшесі қолдады дейді. Биыл күзде Ресейдің Қазан қаласында өтеді деп жоспарланған БРИКС саммитінде Таиландтың өтінішін мақұлдауы мүмкін.

Лавров 10 маусымда БРИКС сыртқы істер министрлері кездесуінде ұйымның кеңеюі "көпполярлы әлемдік тәртіп қалыптасып жатқанын растайды" деді.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, сарапшылар ұйымның Таиландқа берер экономикалық пайдасын шамалы деп бағалайды. Қыркүйекте Үндістанның Business Standart газеті бірлестік Қытайға іштартып, Батысқа қарсы болып бара жатыр деп жазған.

Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка мүше БРИКС ұйымына биыл қаңтарда Египет, Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен араб әмірліктері және Эфиопия қосылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG