Accessibility links

Украинаның Луганск аймағында жарылыстардан оннан астам адам зардап шекті


Луганск аймағында шабуыл салдарынан бүлінген ғимарат маңында адамдар жиналып тұр. 7 маусым, 2024 жыл.
Луганск аймағында шабуыл салдарынан бүлінген ғимарат маңында адамдар жиналып тұр. 7 маусым, 2024 жыл.

Ресей бақылауындағы майдан шебінен алыс орналасқан Украинаның Луганск аймағында бірнеше жарылыс болды. Ресей тағайындаған қала билігіне сүйенген "РИА Новости" агенттігі Украина қарулы күштері шабуылынан кейін көпқабатты үйдің кіреберісі құлады деп хабарлады.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кемінде алты ATACMS ракетасы түскен. Салдарынан 22 адам зардап шекті, арасында сегіз жасар бала да бар. Бес қабатты үйдің қираған бөлігінде үйінді астында адамдар қалған, оқиға орнына құтқарушылар барған.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі 3 адам қаза тапты деп хабарлады.

Mash телеграм-арнасы куәгерлер сөзіне сүйеніп, снарядтар бес қабатты тұрғын үйге, 16 қабатты үйге және дәріханаға түсті деп жазды. Қалада байланыс пен жарық жарым-жартылай жоқ.

Киев бұл шабуыл жөнінде әзірге ештеңе айтпады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG