Accessibility links

Түркімен әуе компаниясы дрон шабуылына байланысты Қазан қаласына рейстерін тоқтатты


"Түркіменстан" әуе компаниясы 2 маусымнан бастап Ашғабад қаласынан Қазан қаласына ұшатын рейстерін тоқтатты. "Татарстан аумағындағы нысандарға Украина дрондары бірнеше рет шабуыл жасаған соң осындай шешім қабылданды, шабуыл салдарынан Қазан әуежайы да жабылды" деп хабарлады Азаттықтың Түркімен қызметінің дереккөздері.

2023 жылы әуе компаниясы Мәскеуге ұшатын рейстерін тоқтатқан. Оған дрондар шабуылына байланысты Мәскеу әуежайларының бірнеше рет жабылғаны түрткі болған еді.

Азаттық радиосы Татар-Башқұрт қызметінің жазуынша, көктемнен бері Татарстанға бес рет дрондар шабуылдаған. Кейінгісі 31 мамырда болды. Дрондар мұнай өңдеу зауыты мен әскери кәсіпорындарға шабуыл жасады.

Сәуірдің басында Татарстандағы "Алабуга" арнайы экономикалық аймағы аумағындағы "Шахед" дрондарын құрастыратын зауытқа дрондар шабуылдады. Арнайы экономикалық аймақ қызметкерлері мен жергілікті колледж студенттеріне салынған жатақханалар кешеніне зақым келген.

Шабуылдан 14 адам зардап шекті, оның ішінде шетел студенттері де бар. Татарстан президенті Рустам Минниханов дрондар шабуылынан кәсіпорындардың өздері қорғануы керек деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG