Accessibility links

АҚШ-та бір адам оққа ұшып, 20-дан астамы жараланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2 маусымға қараған түні АҚШ-тың Огайо штатында болған атыстан бір адам қаза тауып, 24 адам жараланды.

Оқиға түн ортасынан ауғанда Акрон қаласында болған. Жергілікті БАҚ атыс болған жерден ондаған гильза мен қару табылды деп хабарлады. Тергеу басталған, бірақ ұсталғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Акрон қаласының полициясы жараланған бірнеше адамның жағдайы ауыр, қалғандарының өміріне қауіп жоқ деп хабарлады. Атыс себебі мен кім оқ атқаны белгісіз.

АҚШ-та қаруға бақылауды күшейту жөніндегі пікірталас жалғасып жатыр. Былтыр елде 40-қа жуық адам атыс салдарынан мерт болған. АҚШ президенті Джо Байден қаруға қатысты заңнаманы "ақылға қонымды" етіп реформалауға шақырады. Дегенмен ұлттық атқыштар қауымдастығы бұған қарсы, олар америкалықтар өзін-өзі қорғау керек деген уәжді алға тартады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG