Accessibility links

Қырғызстанда кәмелет жасқа толмағандарға зорлық көрсеткендердің жазасы күшейтілді


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кәмелет жасқа толмағандарды зорлаған қылмыскерлердің жазасын күшейтуді көздейтін заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, енді сот кәмелет жасқа толмаған баланы зорлаған уақытта 60 жаста болған қылмыскерді өмірлік түрме жазасына кесе алады. Бұған дейін осындай қылмыс жасаған 60-тан асқан адамдарға мұндай жаза қолдану мүмкін емес еді.

Бұған қоса, балаға зорлық көрсеткендерге айыптау үкімі қылмыскерге жаза белгіленбейінше шығарылмайды.

Кәмелет жасқа толмағандарды зорлаған қылмыскерлердің жазасын күшейту туралы ұсынысты 2023 жылғы желтоқсанда парламент депутаты Марлен Маматәлиев ұсынған.

Қырғызстан балаларға зорлық жасағандарға қылмыстық жауапкершілікті күшейтіп жатыр. 2022 жылы қылмыстың осындай түрін жасағандардың жаза мерзімін көбейтуді көздейтін заң қабылданған.

2024 жылғы қаңтарда Қырғызстан зорлыққа қатысты қылмыстық істерді тараптардың татуласуына байланысты жабуға жол бермейтін заңды мақұлдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG