Accessibility links

Reuters: Ресей өзіне қажет кезде 100 мың тонна бензин беруге дайын болуын сұрап Қазақстанға қолқа салды


Ресей өзіне қажет болған жағдайда жөнелтуге 100 мың тонна бензин дайындап қоюын сұрап, Қазақстанға өтініш қылған. Ресей мұны украин дрондары жиі шабуылдап жатқан шақта айтып отыр. Reuters агенттігі бұл туралы осы саладан хабардар үш дерек көзіне сүйеніп хабарлады.

Дүйсенбіде жарияланған мақалада дерек көз Ресейге қажет болған кезде сұрағанын жөнелту жайы келісіліп қойылғаны айтылған. Қазақстан энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов энергетика министрлігі ресейлік әріптестеріден ондай өтініш түскен жоқ деп мәлімдеген.

Ресей энергетика министрлігі осы мәселе жөнінде комментарий сұраған Reuters сауалына жауап бермеген.

Reuters дерегінше, Беларусь та Ресейге бензиннен көмектесуге келісім берген.

Агенттік бағалауына сүйенсек, наурыздың аяғындағы жағдай бойынша, дрондар шабуылы салдарынан Ресейдің мұнайды алғашқы өңдеу өндірісі қуатының 14 пайызға жуығын істен шыққан. Ресей билігі ішкі нарықта жағдай тұрақты екенін, едәуір көп мөлшерде жанармай барын мәлімдеген деп жазады агенттік.

Ресей үкіметі жанармай тапшылығына жол бермеу мақсатында 1 наурыздан бастап бензинді экспортқа жөнелтуге алты ай мерзімге шектеу енгізген. Бұл тыйым күші халықаралық үкіметаралық келісімдер аясындағы (оның ішінде Еуразия экономика одағына мүше елдермен жасалған келісімдер де бар) жанармай саудасына жүрмейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG