Өскемен тұрғыны қала әкімін Жоғарғы сотта жеңді. Енді "радиация аймағы" зерттеледі
Өскемендік белсенді, заңгер Алексей Божков уран қалдықтары төгілген аумақты анықтап, халықты сақтандыруды талап етіп жүр. Екі инстацияда қала әкімдігін сотта жеңіп те шыққан. Бірақ Өскемен әкімдігі бұған келіспей, Жоғарғы сотқа жүгінді. Алексей мұнда да жеңіске жетіп, қала әкімі радиация қаупі бар аймақты зерттеуге міндеттелді.