Атырау облысында Жайық өзені арнасынан асып, елді мекендерге қауіп төндіре бастады. Үкімет Атырау өңіріне топан су алдағы төрт-бес күнде келеді деп болжап отыр. Қазірдің өзінде Индер мен Махамбет аудандарында қауіпті межеден асып отыр.
Әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "қылмысты жасырып қалмақ болды" деп жауапқа тартылып отырған оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесінде жарыссөз жүріп жатыр.
Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алатын JAD атты көрме өтіп жатыр. Оны дүрбелең кезіндегі жапа шеккендер мен қаза тапқандар ісін құжатқа түсірген құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мен суретші Асхат Ахмедияров ұйымдастырған.
Тасқын су қиратқан Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары әкімдікке күнде келеді. Олар үй шығынын өтеуді жеделдетуді, жаңа үй салуға бөлінетін үй ақшасын қолма-қол беруді сұрайды. Кейбірі ақшасы жоғын айтып, тамақ сұрайды.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 2013 жылы табиғи газ кеніші игеріле бастады. Алғашқы жоспар бойынша жеке компания тең жартысын облыс аумағына таратып, тең жартысын Қытайға экспорттауға тиіс болған.
Ақтөбе облысы Құмсай ауылындағы 39 үйді топан су басқан. Ауыл адамдары аман. Бірақ жұрт баспанасыз қалып, біраз мал арам өлді. Үйсіз қалғандар қазір мұнай компанияларына тиесілі вагондарда тұрып жатыр. Азаттық тілшісі құмсайлықтардың тасқыннан кейінгі өмірін көріп қайтты.
Алматының Көкқайнар ықшам ауданының онға жуық тұрғын үйін су басты. Төрт отбасы қауіпсіз жерге уақытша көшірілген. Толассыз жауған жауыннан жер үйлердің маңынан өтетін шағын өзен арнасынан шығап, тұрғындарды әбігерге салған.
Ақтөбе облысында тасқын салдарынан мыңнан аса үйді су басты. 12 сәуірдегі дерек бойынша, қазір 300 үй суда тұр. Тасқын қиратып кеткені — 130. Азаттық тілшісі Қобда ауданындағы жағдаймен танысып, тасқыннан зардап шеккен үйлерді көріп қайтты.
"Аманат" партиясының екі депутаты "дәстүрден тыс жыныстық қатынасты насихаттағандарды қылмыстық жауапқа тартайық" деген бастама көтерді. "ЛГБТ-ны насихаттау" деген не екенін, оны қалай ажырататыны белгісіз. Белсенділер мен сарапшылар мұны "көрші Ресейдегі ЛГБТ-ға тыйым салған заңды қайталау" дейді.
Маңғыстау облысындағы Жетібай кентінде төрт айдан бері ереуілдеп тұрған West Oil Software компаниясының мұнайшыларын қолдап барған жаңаөзендік екі белсенді полицияға шақырылды. Олар жиында билікті сынап, президенттің отставкаға кетуін талап еткен.
Кейінгі он жылда Қазақстанда су тасымаған жыл болған емес. Әр жолы жүздеген үйді қарғын су шайып, мыңдаған адам әбігерге түседі. Азаттық 2014 жылдан бері елде болған су тасқандарын шолып шықты.
Шымкентте жалдамалы пәтерде тұратын 74 жастағы Қыпшақбай Тұрғанбаев несиесін өтей алмаған соң өзін банкрот деп тануды сұрап жүр. Алайда банк коллекторлық компания арқылы оны қарызын өтеуге міндеттеген. Зейнеткер «шамам келмейді» дейді.
Батыс басылымдары «Крокустағы» теракт ел ішіндегі қауіпсіздікке кепілдік беремін» деп уәде етіп, сырттан жау іздеген Путиннің имиджіне соққы жасады» деп жазды. Кейбір халықаралық басылым бұл трагедияны президент Путин қалай пайдалануы мүмкін екенін болжап жатыр. Баспасөз шолуына көз салайық.
20 наурыз Халықаралық бақыт күніне орай БҰҰ жанындағы зерттеушілер дәстүрлі "Жаһандық бақыт баяндамасын" (World Happiness Report) жариялады. 2024 жылғы рейтингіде Қазақстанға 143 елдің арасынан 49-орын берілген. Алғашқы үштік – Финляндия, Дания және Исландия. Ең соңғы орында – Ауғанстан.
Қазақстанның бірнеше өңірінде — Алматы, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында су тасып, үйлер мен жолдар бүлінді. Басқа аймақтарда да қарғын судан қауіп бар. Азаттық тілшісі Семейде су басқан үйдің ауласына барып, зардап шеккендермен сөйлесті.
Ақтөбеде электр энергиясы наурыз айынан бастап тағы қымбаттады. Тарифтің өзгеретіні бір ай бұрын айтыла бастаған. Оған алдымен қала іргесіндегі саяжай тұрғындары қарсы шықты. Жаңа тариф бекітіліп кеткенін білген саяжай ұжымдарының басшылары бүгін де Ақтөбе әкімдігіне барып, наразылық білдірді.
7 наурызда Ақтөбенің екі ауданында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының ондаған акционері наразылық жиынын өткізді. Олар Қытай үкіметіне тиесілі компания басшылығы жылдық табыстан үлескер экс-жұмысшыларға жылына бір рет берілетін төлемнің азайғанына наразы.
Өскеменнің қасындағы қандастар ауылының халқы 13 жылдан бері сапасыз үйде тұрып жатқанына шағымданып келеді. Олар аязды күні үйдің қуыс-қуысын киізбен бітегенін айтады.
Алматыда жер сілкінді. Бұл жолы да қаңтардағыдай 5 балдық дүмпу сезілген. Жер қатты сілкінген соң көп өтпей дабыл жүйесі де іске қосылған. Адам шығыны жоқ. Тұрғындар қатты қорыққанын айтады.
Ішкі істер министрлігі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында діни дәріс берген азамат балаларды ұрып-соқты деп күдікке ілінгенін хабарлады. Молда "балалардың ата-анасы жазалауға рұқсат бергенін" айтады. Кейбір ата-ана оның сөзін растайды. Қоғам өкілдері бала ұру - қылмыс дейді.
Тағы