Accessibility links

АҚШ президенті Украинаға несие беру туралы заңға қол қойды


АҚШ президент Барак Обама. 2 сәуір 2014 жыл.
АҚШ президент Барак Обама. 2 сәуір 2014 жыл.
АҚШ президент Барак Обама Украинаға 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде кепіл несие бөлу туралы заңға қол қойды.

Ол заңды осы аптада АҚШ конгресс көпшілік дауыспен қабылдаған еді.

Барак Обама бұл заңға қол қойған соң бейсенбі күні Ақ үйде АҚШ конгресі қос палатасының жетекшілерімен кездесіп, Украинадағы дағдарысты реттеуге қатысты мәселені талқылаған.

Ол Украинаны қолдауға және осы елдің тәуелсіздігі мен территориясының тұтастығын бұзған әрекетіне жауап ретінде Ресейді оқшаулауға бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіруде АҚШ-тың жетекші роль атқаруды жалғастыратынын айтқан.

АҚШ бұған дейін Украинада адам құқықтарының және осы елдің егемендігінің бұзылуына қатысы бар Украина мен Ресейдің бірқатар азаматтарына виза беруге тыйым салып, активтерін бұғаулаған.

Қырымда 16 наурыз референдум өтіп, «халықтың 93 пайызы автономиялы республиканың Украинадан бөлініп, Ресейге қосылуын жақтады» деген қорытынды шыққан еді. Осыдан кейін Қырым Ресей құрамына қосылған.

Киев «Қырым – Украина территориясы» екенін айтып, онда өткен референдум нәтижесін мойындамаған.

АҚШ пен Еуропа Одағы да Қырымдағы референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін, бұл шара Ресей әскерилерінің қысымы мен қорқытуы арқылы өткенін ескертіп, оны мойындамайтындарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG