Accessibility links

Түркиядағы қарсылық


Түркиядағы қарсылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00
Жүктеп алу

Наразылар Стамбулдағы Таксим алаңын басып алуға тырысты. Полиция оларды тарату үшін көз ашытатын газ қолданды. Бұл алаңда осы жазда үкіметке қарсы шерулер өткен еді. Анкарада да полиция наразыларды су шашып таратқан. Шеруге шыққан бірнеше азамат тұтқындалған. Түркияның бұл екі қаласындағы демонстрациялар Хатай провинциясындағы жас белсендінің қазасынан соң басталды. 22 жастағы Ахмет Атаканның қалай өлгенін көрген куәлер "басынан алған соққыдан қайтыс болды" десе, полиция "белсенді төбеден құлады" дейді. Түркиядағы үкіметке қарсы шерулер шілде айында саябырси бастаған еді. Алайда шағын қарсылық акциялары Стамбулда, Анкарада, елдің оңтүстігіндегі Хатай провинциясында оқта-текте болып келе жатқан.

XS
SM
MD
LG