Алматы қалалық сотының шешімі негізінде парламент депутаты Ромин Мадиновке 30 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс «Тасжарған» газеті өзіне жүктелген қаржыны өтемей-ақ жабылды. Оның себебін дүйсенбі күні Азаттық радиосына сөз болып отырған басылымның өкілі Ермұрат Бапи былай деп түсіндірді:
– Біріншіден, бұл оппозициялық тәуелсіз журналистикада он жылдан астам жүрген менің шешімім. Және де редакция ұжымымен келісіп, журналистердің қолдауымен туған шешім. Ендігі жерде жан-жақтан анталаған қысымның жағдайында әрі қарай жұмыс істеу мүмкін емес болып тұр: редакцияның банкілік есепшоттары тұтқындалды; біздің бизнес әріптестерімізге, баспаханаға, таратушыларға және жарнама беруші компанияларға қысым күшейді. Осыған байланысты мен, биліктің осы газетті жабуға алдын алу ишарасымен, газеттің шығуын тоқтатуға шешім қабылдадым.
Ермұрат Бапидің өзі 2003 жылы күзде қылмыстық жазамен бір жылға шартты мерзімге сотталып, елде 5 жыл бойы баспа жұмысымен айналысу құқығынан айырылған еді. Содан бері «Тасжарған» газетінде оның аты-жөніне «бас оқырман» деген тіркес жазылып келді. Бапидің айтуынша, бұл газет жабылғанымен «ДАТ» дәстүрі жалғаса бермек:
– Бұған дейін «ДАТ» баспагерлік жобасының негізінде 9 газет шығарғанбыз. Газеттің аты өзгертіліп, Құдай бұйыртса, ол алдағы екі-үш аптаның көлемінде жаңасы шыға бастайды. Біріншіден, біз өзіміздің оқырмандардың мүддесін көздейміз. Екіншіден, биліктің бұл басылымға қатысты істеп жатқан әрекетінің бәрі бос әурешілік: келесі газетті жабатын болса, тағы бір үшінші газет шығады... Одан билік ештеме ұтпайды.
Ермұрат Бапи жаңа газеттің қалай аталатындығын әзірге жасырып отыр. Мұның себебін ол қауіптен сақтану әрекеті ретінде түсіндіреді.
– Қазақстанда биліктің қудалауы жағдайында біз газеттің атауын ашып айта алмаймыз. Өйткені, газеттің жаңа шығарушыларына, жаңа құрылтайшыларына қысым жасалуы мүмкін. Ол солай болатындығына біздің көзіміз жеткен. Сондықтан газеттің алғашқы саны жарыққа шыққанға дейін жаңа атауын құпия сақтауды жөн көрдік, – деді Ермұрат Бапи.
Сөйтіп «Тасжарған» газеті жабылды. Ал, Ромин Мадиновтің пайдасына өндіріп алуға Алматының соты кесім еткен моральдық өтемақы – 30 миллион теңге «DAT-XМedia» жауапкершілшігі шектеулі серіктестігінің директоры Ермұрат Бапиден сұралады.
Алайда, сол қаржыны төлемегені үшін кінәлі атанып, сәуірдің 23-інде Алматының әкімшілік сотының шешімімен 5 тәулікке абақтыға жабылып, бірақ сол күні қайта босатылған журналист депутат Мадиновке соқыр тиын ұстатқысы жоқ екендігін айтып отыр.
– Біріншіден, біз 30 миллион теңгені қалтамыздан төлеп бере алмаймыз. Екіншіден, демеушілер тауып ол қаржыны төлеуге де болар еді. Бірақ, депутаттың бір шағымын орындап өзімізді кінәлі еткіміз келмейді. Оның үстіне, мені 5 күнге жапқан және одан уақытынан бұрын шығарғаны жөніндегі соттың шешіміне тағы да шағым түсіргелі жатырмыз. Себебі, мені қалай заңсыз бес күнге жапса, солай заңсыз қайтадан шығарды. Мұның өзі Қазақстандағы биліктің және сол биліктен келген нұсқаудың заң негізінде жұмыс істейтіндігін дәлелдейді, – деді Ермұрат Бапи.
Қазақстандағы алғашқы оппозициялық басылым – «ДАТ» газетінің алғашқы саны 1998 жылы сәуірдің 16-күні жарық көрді. Сол жылы жабылған бұл газеттің орнын жарты жылдан соң «СолДАТ» газеті басты. Сот шешімімен ол да жабылған соң Қазақстанда әр жылдары, «Дат» баспагерлік жобасы аясында «Сегодня-Бүгін», «ДАТ-Ақбота», «ДАТ-Колесо», «ДАТ-Иртыш», «Жұма-Таймс», «Айна-плюс» және «Тасжарған» газеттері жарық көрді.