“Республика” басылымының жұма күнгі санында жарық көрген Дулат Мұсатаевтың мақаласында билік тарапынан “Ақ жол” демократиялық партиясының өз арасында келіспеушілік туғызып, іріткі салу үшін Қазақстан президенті әкімшілігі мен арнаулы қызмет өкілдерінің де білек сыбанып іске кірісіп жатқандығы туралы әңгіменің бар екендігі тілге тиек етіліпті.
Газет тілшісінің пайымдауынша мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қарамағындағыларды елдегі президент сайлауының алдында “Ақ жол” демократиялық партиясының кенеттен радикалды бағыт ұстана бастауы үрейлендіріп отыр. Мақала авторының айтуынша, сол себептен ресми билік осы партиядағы радикалдық көзқарастарымен тым белсенділік танытып келе жатқан Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Ораз Жандосов пен аталмыш партияда “конформистік” бағыт ұстанып отырған Әлихан Бәйменовтың арасында теке-тірес туғызуға бар күшін салады.
Астанадағы бейресми ақпарат бұлақтарынан алынған мәліметтерге сүйенсек, “Ақ жол” демократиялық партиясының Әлихан Бәйменов басшылық ететін “конформистік” тобы осы кезге шейін президент әкімшілігімен байланысын үзген емес, ал соңғы кездері олардың байланысы тым жиілеп кеткен. Газет тілшісі мысалға келтірген бейресми ақпаратқа сүйенсек, президенттің қарамағындағылар Әлихан Бәйменовке “Ақ жол” партиясындағы барлық билікті өз қолына алуға және “радикалды” бағыт ұстанып отырған Алтынбек Сәрсенбайұлы, Ораз Жандосов және Болат Әбіловты партияның қатарынан шығарып жіберуге кеңес берген. Мақала авторының айтуынша, егер де Әлихан Бәйменов президент әкімшілігінің осы тапсырысын орындаса, “Ақ жол” партиясына билік тарапынан қаржылық жағынан да үлкен қамқорлық жасалады.
“Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменовтің өзі “Эпоха” басылымына берген түсініктемесінде партиядағылар арасында ешқандай теке-тірестің болуы мүмкін емес екендігін мәлімдепті. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының оқиғаны шатастару үшін “Ақ жол” партиясы билікпен перде сыртында ойын жүргізіп отыр деген ой туғызу үшін жасап жатқан әрекеттері қоғамда түсінбестік туғызып жатыр.
“Партияның ішінде бөлінушілік болмайды және болған емес” дейді “Ақ жол” демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов.
“Жас қазақ” басылымында жарық көрген Ержан Әбдіраманның талдау мақаласында “Ақ жол” демократиялық партиясы қазіргі уақытта дағдарыс кезеңін басынан кешіріп отыр деген қорытынды жасалыпты. Мақала авторының айтуынша, ақжолдықтардың іс-қимылы белгілі бір мақсатқа бағындырылмаған. Газет тілшісі “Ақ жолдың” жүріп өткен жолын парламент сайлауына дейінгі өсу кезеңі және парламент сайлауынан кейінгі дағдарыс кезеңі деп екіге бөлуге болады деген қорытындыға келіпті.
Газет тілшісінің пайымдауынша дәл қазіргі уақытта парламент сайлауының нәтижесін мойындамайтындарын, депутаттық мандаттан бас тартатындықтарын айтып жаһанға жар салған ақжолдықтардың арасында "сол мандат үшін күрес" жүріп жатыр. Сондай-ақ мақалада “Ақ жол” партиясы басшыларының арасында ауызбіршіліктің жоқ екендігі де тілге тиек етіліпті. Мақала авторы осы сөздеріне дәлел ретінде Әлихан Бәйменов жүрген жерде “Ақ жолдың” өзге басшыларының болмайтынын, бұлар отырған жерге Әлихан Бәйменовтың әртүрлі себептермен бармайтындығын мысалға келтіріпті.
Мысалы, дүйсенбі күні баспасөз мәслихатын Әлихан Бәйменов жалғыз өткізген. Ал, сейсенбі күні Қазақстанның демократиялық күштерінің үйлестіру кеңесі өздері дайындаған жаңа Конституцияның жобасын таныстырғанда бұл жиынға “Ақ жолдың” басшыларынан тек Әлихан Бәйменов келмей қалған.
“Ақ жол Қазақстан” басылымында жарық көрген мақалада “Ақ жол” демократиялық партиясының тең төрағалараның бірі Әлихан Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартқандығына қарамастан Орталық сайлау комисиясының Әлихан Бәйменовты Қазақстан республикасы парламенті мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдағандығының тарихы баяндалыпты. Ал, Әлихан Бәйменов “Ақ жол Қазақстан” басылымы арқылы саяси билік тарапынан “Ақ жол” партиясының ішіне іріткі салуға тырысатын, тіпті өзін "екіжақты саясат ұстанып жүрген саясаткер ретінде көрсеткісі келетін әрекеттердің жиі болатынын, соған қарамастан партия басшыларының идея мен іс бірлігінен ешқашан айнымайтынын" мәлімдепті.
Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев “Начнем с понедельника” басылымына берген сұхбатында “Ақ жол” демократиялық партиясының тек президентпен ғана келіссөзге отыратындықтарын мәлімдегендігіне қатысты өз ойын білдіріпті.
“Немене, президентпен келіссөз жүргізетіндей соғыс басталып, “Ақ жол” демократиялық партиясы президенттің сарайын қамауға алды ма? Жалпы Қазақстанда теориялық тұрғыдан алғанда оппозициямен келіссөз жүргізу мүмкіндігі бар. Ал, іс жүзінде билік те, оппозиция да келіссөз жүргізуге ұмтылып отырған жоқ” дейді Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев “Начнем с понедельника” апталығына берген сұхбатында.