Сібірдің шалғайдағы қиырында Агафья Лыкова қоғамнан саяқ өмір кешіп жатыр. Оның отбасы тайгаға Агафья дүниеге келмей тұрып, Иосиф Сталин басқарған совет өкіметінің діни ағымдарға қарсы жүргізген қуғын-сүргін саясатынан қашып барған. Осыдан отыз жыл бұрын әкесі дүние салғаннан кейін Агафья Лыкова жалғыз өзі қалған.