БҰҰ-ның ғылым-білім және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы (ЮНЕСКО) Косовоның толық мүше болуға берген өтінішін қанағаттандырды. Дауыс берген ЮНЕСКО-ға мүше елдердің көбі Косовоны тәуелсіз ел деп мойындамайтын Сербияның қарсылығын елемеді. Бұл мәселе бойынша соңғы дауыс беру рәсімі 9 қараша күні өтеді. Косово аумағында ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұра деп жариялаған көптеген жеке нысандар бар болатын. Елдің негізінен сербтер қоныстанған солтүстік бөлігінде Косовоның ЮНЕСКО-ға мүше болып кіруіне қарсы шерулер өтіп жатыр.
Косово ЮНЕСКО-ға кірмек
ЮНЕСКО қатарына Косовоны қабылдамақ. Бұл елде ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұра деп жариялаған жекелеген нысандар бар.

1
Косовоның Призрен қаласындағы православ шіркеуі.

2
Приштина қаласындағы Мехмет сұлтан мешіті күмбезінің ішінен қарағандағы көрінісі.

3
Приштина қаласының оңтүстігінде орналасқан көне Ульпиана шаһарының орнында археологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

4
Приштинадағы Мехмет сұлтан мешіті.

5
Приштинадағы үлкен хамам (көне қоғамдық моншалар).

6
Призрендегі католик ғибадатханасы.

7
Косовоның Гьяково қаласындағы Хадум мешітінің ағаш оюлары.

8
Призрен қаласындағы ортағасырлық бекініс.

9
Призрендегі Синан-паша мешіті (17-ғасыр).

10
Синан-паша мешітінің іші.

11
Призрен қаласындағы православ шіркеуі.

12
Призрендегі ортағасырлық тас көпір.

13
Приштинадағы католик шіркеуі.

14
Печь қаласындағы православ ғибадатханасы.

15
Көне Ульпиана шаһарының орнындағы археологиялық қазбалар.

16
Гьяково қаласындағы Хадум мешітінің мұнарасы.

17
Грачаница қаласындағы православ ғибадатханасы, оның іргетасы 6-ғасырда қаланған.

18
Грачаницадағы православ ғибадатханасының іші.

19
Приштинадағы үлкен хамам моншаның күмбезді шатыры және қатар тұрған мешіт пен христиан ғибадатханасы.

20
Приштинадағы христиан ғибадатханасы.

21
Солтүстік Митровица қаласындағы сербтердің Косовоның ЮНЕСКО-ға кіруіне қарсы шеруі. Қазан айының соңы, 2015 жыл.

22
Солтүстік Митровица қаласындағы сербтердің Косовоның ЮНЕСКО-ға кіруіне қарсы шеруі. Қазан айының соңы, 2015 жыл.