Жалпы ұзындығы 781 шақырым болатын "Талдықорған - Қалбатау - Өскемен" автокөлік жолының 313 шақырымы Алматы облысына қарайды. Жоба бойынша, құны 105,3 млрд теңгеге бағаланған жөндеу жұмысы 2022 жылғы сәуірде аяқталып, жол пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ жолдың көп бөлігі әлі жөнделіп бітпеген.