Украин әскері Ресей жаулап алған аумақтарды қайтарып жатыр. Ол елді мекендерде не болған және тұрғындар не дейді?
Ресей армиясынан азат етілген қалалар мен ауылдар: Қуанышпен көрісу мен бөлісу

1
Жақында Ресей армиясынан азат етілген Изюм қаласында әріптесін көрген украин десантшының реакциясы. 14 қыркүйек 2022 жыл. Бұған дейін президент Владимир Зеленский Изюмге келіп, мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқан.

2
Алты ай бойы Ресей армиясының бақылауында болған қаладағы тұрғын үйлер атқылауға ұшырады.

3
Жуырда азат етілген Изюм қаласында Мария (ортада) ата-анасы Марина мен Александрды құшақтап. жатыр. Мария ата-анасын оккупациядан бері көрмеген.

4
Изюмнің оңтүстік-шығысынан 25 шақырым жердегі Богородичное ауылында жертөледен шығып келе жатқан Нина Гончар. Оның үйі мен қора-жайлары жартылай қираған.

5
Орыс армиясынан азат етілген Вербовка ауылында көз жасына ерік берген әйелдер. Олар гуманитарлық жүк тиелген көлікті күтіп тұр.

6
Изюмда гуманитарлық көмекке кезекке тұрған танысын көріп, құшақтап, сүйіп тұрған тұрғын.

7
Азат етілген Балаклея қаласында гуманитарлық жүк тиелген жүк көлігі маңына жиналған халық.

8
Украин күштері Харьков облысы Купянск ауданына кіреберісте бүлінген тақташаның үстіне мемлекеттік туды жайып жатыр.

9
Украин әскерінің бір сәт демалған шағы.

10
Изюмнен қашқан Ресей әскері қаладан оқ-дәрі, техникаларын алып үлгермеген. Солардың бірі мына танк. Сарапшылардың айтуынша, Ресей күштері Изюмді Харьков облысындағы әскерін жабдықпен қамтамасыз ететін негізгі торап ретінде пайдаланғандықтан Изюмнен айырылу Мәскеу үшін стратегиялық сәтсіздік.

11
Балаклеяда полиция учаскесінің жертөлесіндегі қабырғаға бормен дұғалар және күндер саны жазылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ресейліктер оларды осы ғимаратта азаптаған.

12
Ер адамдар Балаклея қаласында орыс әскері өлтірді деп айтылған адамның денесін көтеріп барады.

13
Балаклея қаласындағы ақын Тарас Шевченко ескерткіші маңында желбіреп тұрған украин туы.

14
Ресей әскері Изюмді тастап қашып шыққаннан кейін орыс күштері Украинаның азаматтық инфрақұрылымына зымыранмен соққы жасады. 14 қыркүйекте Кривой Рог қаласындағы су бөгеті қирады.

15
Изюм маңында өртеніп жатқан ресейлік бронды техника.

16
65-жастағы Евдокия атқылауға ұшыраған үйі алдында ұлы Александрды құшақтап тұр.