Қырғызстанның Балықшы кентіндегі «Эдельвейс» полигонында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қатысуымен «Бейбітшілік миссиясы - 2016» басқару-штабтық жаттығулары басталды. Террорға қарсы әскери жаттығуларға екі мыңға жуық сарбаз, көпшілігі соңғы үлгі бойынша жабдықталған үш жүздей әскери техника мен жаяу әскерге әуеден қолдау көрсететін қырыққа жуық әскери ұшақ қатысып жатыр. (Азаттықтың Қырғыз қызметінің суреттері.)
Қырғызстанда «Бейбітшілік миссиясы - 2016» жаттығуы басталды

1
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығуға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше бес ел - Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстанның сарбаздары мен әскери техникасы қатысып жатыр.

2
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығуға қатысушылар сапта тұр.

3
Әскери жаттығу өтіп жатқан Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы «Эдельвейс» полигоны.

4
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығуға қатысатын әскери техника.

5
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығуға қатысушы сарбаздар.

6
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығу қыркүйектің 21-іне дейін жалғасады.

7
Террорға қарсы жаттығуға қатысушы тәжікстандық әскерилер.

8
Антитеррорлық жаттығуға қатысатын әскери жүк көліктері.

9
Әскери жаттығуға қатысушы сарбаздар сап түзеп өтіп барады.

10
Қырғызстанда басталған «Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығуға қатысушы елдердің өкілдері.

11
Әскери жаттығуға қатысушы сарбаздар.

12
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» террорға қарсы әскери жаттығуға арнайы жаттықтырылған иттер де қатысады.

13
«Бейбітшілік миссиясы - 2016» жаттығуы Қырғызстанның Балықшы кентіндегі «Эдельвейс» полигонында өтіп жатыр.