1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті желтоқсанның 7-і күні коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы және ішкі істер министрлігі бірлесіп Ақтөбеде "мұнай өнімдерін жымқырумен айналысқан" деген күдікке ілінген адамдарды ұстау операциясын жүргізгені туралы хабарлады. ҰҚК нақты қанша адам ұсталғаны жайлы толымды ақпарат бермеді. Азаттық тілшісі Ақтөбеде "арнайы операция" жүріп жатқан зауытқа барған еді.
Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, президент сайлауының алдын ала нәтижесі желтоқсанның 5-і күні, кешкі сағат 16:00 шамасында жарияланады.
Өзбекстанда сайлауалды науқан мәреге таяды - желтоқсанның 4-і, жексенбі күні ел азаматтары президент сайлауына дауыс береді.
Қазақстанда және шетелдерде Назарбаевтың бірнеше ескерткіші бар. Әлеуметтік желілерде жұрт Астана мен Алматының сәулет кешендерінде Назарбаевқа ұқсайтын бейнелер бар екенін жазады.
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
Ақтөбеде биылғы 5 маусымдағы қарулы шабуылға қатысты айыпталған 29 адамға сот үкімі шықты.
Ирак күштері ежелгі Ассирия патшалығы астанасы болған Нимруд қаласын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат етті. Екі жылдан астам қаланы бақылауында ұстаған исламшыл содырлар көне заманғы баға жетпес тарихи жәдігерлерді талқандап, жойған.
Ресейлік фотограф Сергей Потеряев суретке түсірген татар қыз-келіншектері қазіргі заманда татар әйелі болу қандай екені туралы ой-пікірлерімен бөліседі.
Тағы