Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Стамбулдағы жарылыстарда ондаған адам мерт болған

1
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, желтоқсанның 10-ы кешкісін түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Стамбулдағы Vodafone Arena стадионы маңында полицияның арнайы жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікте жарылғыш зат іске қосылған.

2
Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, жарылыстан мерт болған 27 адам – полиция қызметкерлері.

3
Жарылыс болған жерде тұрған көліктер.

4
Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Стамбул, Түркия, 10 желтоқсан 2016 жыл.

5
Бірінші жарылыстан соң бір минутқа жетер-жетпес уақыттан кейін стадион жанындағы бақта екінші жарылыс болған. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылысты жанкешті жасаған.

6
Жарылыстан зардап шеккен полиция қызметкері. Стамбул, 10 желтоқсан 2016 жыл.

7
Түркия көлік министрі Ахмет Арслан Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында Стамбулдағы жарылыстарды «теракт» деп атаған.

8
Түркия президенті Режеп Ердоған «террорлық шабуыл қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен бейбіт адамдарға қарсы бағытталған» деп мәлімдеді.