Киевтегі Ресей елшілігі алдында өткен «Эрвин қайда?» акциясы аясында белсенділер 3D графикасының көмегімен салынған шыңырау суреті Қырымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтардың тағдырына арналды.
Калаш халқы Пәкістанның таулы аймақтарында тұрады. Олар өздерін Александр Македонский сарбаздарының ұрпағы санайды. Жақында ғана Пәкістан үкіметі оларға көптен күткен мәртебелерін берді - билік калаштарды дербес діни, этникалық топ деп таныды.
Ақтөбеде су басқан аймақтардан жүздеген адам көшірілді. 290 аула су астында қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды.
Биыл көрменің экспозициялық залына қызғалдақтың 189 түрінің 37,5 мың тұқымы отырғызылған.
Сириядағы Хан-Шейхум қаласында 70-тен астам адам газдан уланып қаза тапқан
25 жыл бұрын қоршаудағы Сараевода алғаш рет қантөгіс болды. Босниялық сербтер қоршауда ұстаған 1425 күннің ішінде қалада 10 мыңнан астам тұрғын қаза тапқан.
Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында ежелгі Хорезмнің көптеген қала-бекіністерінің ізі қалған. Солардың арасындағы ең ірілері Топыраққала, Аязқала мен Қызылқала маңында бағзы заманнан тұратын қазақтар егін салып, мал өсіріп, балық аулаумен айналысады.
Санкт-Петербургте сәуірдің 3-і күні метро пойызының вагонында жарылыс болып, 11 адам қаза тауып, 50-дей адамның жараланғаны хабарланды.
Совет Одағы кезінде шешен әйелдеріне басына орамал тартуға тыйым салынды. Мұнан соң мемлекет пен қоғам белгілі бір мәмілеге келді.
Тағы