Жаңа кешен арқылы Өзбекстанмен шекара маңындағы Тәжен кеден бекетінен және Қазақстандағы Қорғас бекетінен тасымалданатын жүк-тауарлар өтеді.
Тамыздың 3-інде Маңғыстау облысында Каспий маңы елдерінің төтенше жағдайлар қызметтері бірлескен оқу-жаттығу өткізді. Оған қатысқан Қазақстан, Ресей, Әзербайжан мен Түркіменстанның құтқарушылары теңіздегі мұнай ұңғымасындағы "өртті сөндіріп, өртенген кемеден адамдарды құтқарды". Оқу-жаттығуды Азаттық тілшісі де бақылады.
Әзербайжандағы ежелгі заманғы Товуз қаласының орнында қазір археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымдар көне қоныстан неолит заманынан бастап ерте қола дәуіріне дейінгі кезеңге жататын көптеген тарихи жәдігерлер табылғанын айтады.
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Қырымдағы Приветное (1945 жылға дейін - Үскіт) ауылы Алушта-Судак автокөлік жолынан үш шақырымдай қашықта орналасқан. Мұнда інжір ағашының жеті түрі, жүзімнің бірнеше түрі өседі. Ауылды кесіп өтетін Үскіт өзенінің суы жаз ыстық болған жылдары тартылып, тек нөсер жауыннан кейін арнасымен қайта су жүре бастайды. Азаттықтың Крым.Реалии сайтының фотогалереясы.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Грекиядағы шілденің 23-і басталған өрттен 70-тен адам қаза тауып, жүздеген адам жарақаттанған.
Қылмыскер пышағынан ажал құшқан қазақстандық танымал спортшы Денис Тенмен қоштасуға мыңдаған адам қатысты
Азаттық 9-15 шілде аралығында әлемде болған оқиғалардан фотогалерея ұсынады.
Ресейдегі әлем чемпионаты финалының ең қызықты сәттері.
Тағы