Бүгін Ақтау қаласынан 100 километр қашықтықта орналасқан Құрық портының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті. Құрық портындағы жаңа кешен арқылы Өзбекстанмен шекара маңындағы Тәжен кеден бекеті мен Қорғас бекетінен тасымалданатын жүк-тауарлар өтеді. 32 миллиард теңге жұмсалған Құрық портының алғашқы кезеңі 2016 жылы желтоқсанда іске қосылған.
Құрық порты
1
Каспий саммиті қарсаңында Құрық портының сыртқы көрінісі. Маңғыстау облысы, 10 тамыз 2018 жыл
2
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрық портының презентациясы барысында 2020 жылға қарай Құрық портындағы жүк тасымалынан 5 миллиард доллар көлемінде қаржы түсетінін айтты. 11 тамыз 2018 жыл
3
Каспий саммиті қарсаңында Құрық порты маңында жүрген азаматтар. 11 тамыз 2018 жыл
4
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев презентация кезінде жобаны таныстырушыларды тыңдап отыр. 11 тамыз 2018 жыл
5
Құрық портына келіп тоқтаған Әзербайжан кемесі. Маңғыстау облысы,10 тамыз 2018 жыл
7
Құрық портындағы кемелердің бірі. Маңғыстау облысы, 10 тамыз 2018 жыл
8
Құрық портының кіре берісі. Маңғыстау облысы, 10 тамыз 2018 жыл
9
Құрық портындағы диспетчерлік бөлім ғимараты. Маңғыстау облысы, 10 тамыз 2018 жыл
11