Жаңаөзеннен Астанаға келген ондаған адам жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етіп, энергетика министрлігінің алдында түнеді. "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнындағы жұмысынан таяуда қысқарған адамдар үкіметтен тұрақты жұмыс беруді талап етеді.
Украина жауынгерлері мен еріктілер қиян-кескі шайқас жүріп жатқан Бахмут қаласы мен оның іргесіндегі Часов Яр кентінен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа әкетті.
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген бұл суреттер Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада сақталған Хасен Оралтайдың коллекциясынан алынды.
Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын шерумен және жәрмеңкемен атап өтті.
Қазақстан азаматтары парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлап жатыр. Кезектен тыс сайлау пропорционал және мажоритар жүйе арқылы өтіп жатыр.
Ресейдің күші мен қаруының басымдығына қарамастан, Украина әскері Бахмут қаласы үшін шайқасты жалғастырып жатыр.
Ақтөбе облысында күн күрт жылынып, қар еріп, өзен тасыған соң, жолды су шайып, көп ауыл көлік қатынасынсыз қалды. Ойыл, Байғанин, Темір, Қобда, Шалқар аудандарында кейбір үйлерді су алған.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
2022 жылы 24 ақпанда басталған Ресей басқыншылығының кесірінен Украинаның біраз қаласы қирап қалды.
6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған 7,8 балл жер сілкінісінен кейінгі құтқару және үйінді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Түркияға 90-ға жуық елден құтқарушылар барған. Ал Сирияға көмек жеткізу қиын болып тұр. 16 ақпандағы дерек бойынша, екі елде зілзаладан қаза тапқандар 42 мың адамға жуықтады.
Maxar Technology компаниясы ұсынған спутник суреттерінен Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын көруге болады.
Тағы