Одан кейін продюсер Баян Есентаева сөйледі, сөйлегенде бүй деді:
– Сіз бізге – әйелдерге ғана емес, ерлерге, әрине, балаларымызға да кумир адамсыз. Бүгін бізге талай жылы сөз айттыңыз. Сіз осы жерге кіріп келгенде мен бір өзгеше күйге түстім. Қуаныштан ба, бақыттан ба, білмеймін – көзім жасаурап кетті сол кезде. Сіздің энергетикаңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
– Сезіліп тұра ма? – деп сұрады президент Назарбаев.
– Сезіліп тұрады, – деді продюсер.