Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр.
Алматыда өтіп жатқан сотта прокурор "тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты" деп айыпталған 13 азаматтық белсендінің бәрін жазалауды, соның ішінде төртеуін 5 жылға еркіндігінен айыруды сұрады. Белсенділер билікке бейбіт түрде талап айтқанына бола тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Алматыда "тыйым салынған ұйым ісіне қатысты" деген айып тағылған 13 белсендінің соты өтіп жатыр. Сот процесіне бес айыпталушы Алматыдағы тергеу изоляторынан қатысып отыр. Азаттық тілшісі ?? бері абақтыда отырған екі белсенді – Диана Баймағамбетова және Асхат Жексебаевпен сөйлесіп, жағдайын сұрады.
Ресейде биылғы парламент пен жергілікті басқару органы сайлауы кезінде билік тәуелсіз пікірді басып-жаншып, "шетел агенттері" туралы заңды саяси науқанды бақылауда ұстау құралы ретінде пайдаланып жатыр.
Оралда тұратын 48 жастағы белсенді Маруа Ескендірова кейінгі бес айда бесінші рет тұтқындалды. Шамалы үзілісті есептемегенде, ол 40 күн бойы қамауда отырды. Сот оны бесінші рет "бейбіт жиын ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін" 20 күнге қамады. Азаттық белсендінің әңгімесін жазып алды.
Бір жыл бұрын Алматының тергеу абақтысынан шыққан азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев соттың оған шығарған үкімін "ауыз жабудың заңдастырылған тетігі" деп атаған. Сот үкімі аузына қақпақ, аяғына тұсау болған белсенді қазір мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған.
Қазақстан билігін сынайтын белсенділер қудалауға түсіп, қорқытып-үркітуге тап болады дейді құқық қорғаушылар. Белсенділердің арыз-шағымы бойынша іс қозғалғанымен, жасалған қылмыстың көбі ашылмайды, ал кінәлілер жазадан құтылып кетіп жатады.
Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан абақтысында жұмбақ жағдайда көз жұмғанына жыл толды. Ол "жүрек талмасынан" қайтыс болды деген биліктің байламына сенбеген туыстары қазаны ашық, әділ тексеруді талап етті. Құқық қорғаушылар мен белсенділер Ағаділді "саяси қастандық құрбаны" деп атады.
Қазақстанда 250-ден астам белсенді "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарының "жұмысын ұйымдастыру" және "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" айыбымен қудалауға түсті. Құқық қорғаушы оларды билік пен режим сыншысы арасындағы соғыста "кепілге алынғанын" айтады.
2006 жылғы ақпанда оппозиция лидері Алтынбек Сәрсенбайұлын екі көмекшісімен қоса атып өлтірді. Бұған дейін екі рет сот өтіп, "кісі өлтіруге тапсырыс беруші" мен "орындаушы" адамдарға үкім шықты. Марқұмның туыстары мен серіктері "саяси қастандықтың құпиясы әлі толық ашылған жоқ" деп біледі.
4 ақпанда Атырауда белсенді Макс Боқаев түрмеден босап шықты. 2016 жылғы жер митингісінен кейін 5 жылға сотталған белсендіні ондаған адам қарсы алды. Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Макс Боқаев билікті Конституциялық құрылтай шақыруға көндіру туралы айтты.
2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған Макс Боқаев 4 ақпанда Атыраудағы түрмеден босап шықты. Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атаған Боқаевты елдің әр аймағынан жиналған ондаған адам қарсы алды. Белсенді бостандыққа шыққан бетте Атыраудың орталық алаңына барды.
Тағы