ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының өкілі Исабель Сантос түрмедегі оппозиционер Владимир Козловпен жолықты. Ал Жаңаөзен мұнайшылары белсендісі Роза Төлетаевамен кездесе алмады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні және Астанада Еуразия экономикалық одағы келісіміне қол қойылғаннан кейін, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина билікті де, қоғамды да сынайды.
Астанада Еуразия Одағына қарсы жиынға қатысқан бірнеше белсенді мен хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен қамауға алынды.
Мәскеу полициясы оппозициялық журналист Алексей Венедиктовтің қаржылық әрекеттерін тексере бастады. Оның жақтастары мұны «өш алу» немесе «тәуелсіз БАҚ-ты қудалау» деп бағалайды.
Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова жақында күйеуімен кездесіп қайтты.
Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилевтің түбекке кіруіне тыйым салынды. Қырым татарлары депортацияға 70 жыл толуына орай еске алу шарасын өткізбек. Осыған орай Азаттық Жемилевтен сұхбат алды.
Ресейдегі тәуелсіз ұйымдар биліктің қырына ілініп жатыр. Ал қазақстандық сенатор «ҮЕҰ-ға қарсы күресте Ресейден үлгі алуға» шақырды.
Әзербайжан Еуропадағы адам құқықтарын қорғайтын жоғарғы орган – Еуропа кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын болды. Белсенділер елдің өз ішіндегі адам құқықтары ахуалы нашар дейді.
Қылмыстық тергеу амалдарына қарамастан, «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымы жұмыс істеп жатыр. Ал тергеуге іліккен тағы бір қоғамдық ұйымның тағдыры басқаша өрбіді.
Алмалы аудандық соты қамаудағы оппозициялық саясаткердің үй-ішінің «жалғыз баспанасын тәркілемеу» туралы шағымын қанағаттандырмады. Шағымданушы жақ апелляцияға жүгінетінін айтады.
Екі жыл бұрын Мәскеудің Болотный алаңында Ресей оппозициясы ірі наразылық шарасын өткізіп, оның соңы белсенділерді тұтқындаумен және 30 шақты шерушіні қылмыстық жауапкершілікке тартумен аяқталған.
Бішкекте өтуі тиіс оппозициялық конференцияға сапары қарсаңында «Балға» ҮЕҰ жетекшісі Марат Жанұзақов қайта жаңғыртылған қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.
Тағы