Бес жыл бұрын белгілі қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис сотталып, жазасын өтеп жатқан жерінен рақымшылыққа ілінді. Азаттыққа берген сұхбатында ол түрмеде жазасын өтеп жатқан белсенділер туралы да айтты.
Әзербайжанда адам құқығын қорғаушы ерлі-зайыпты Лейла және Ариф Юнустардың «алаяқтықпен айналысып, мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен тұтқында отырғандарына бір айға жуық уақыт болды.
Қазақстан Жоғарғы соты оппозициялық «Правдивая газетаны» жабу туралы сот шешімін күшінде қалдырды. Ашық сотқа барған журналистер мен Еуропа одағы өкілін бір сағаттан аса уақыт сотқа кіргізбеді.
Әзербайжан билігі танымал құқық қорғаушы Лейла Юнусты «мемлекетке опасыздық жасады», «басқа да қылмыстарға қатысы бар» деп айыптап, түрмеде ұстап отыр.
Өзбек фермері әрі құқық қорғаушы Әлиқұл Саримсоков психиатриялық ауруханада жатып шықты. Мұнан соң ол үй қамағынан қашып кеткен. Фермер Өзбекстан премьері Шавхат Мирзиёевті сотқа берген еді.
Түрмедегі диссидент Арон Атабек жақындарына жазған хатында емделу жөніндегі өтінішін қабылдамай жатқанын хабарлайды. Ал түрме басшысы оның денсаулығы «қанағаттанарлық» дейді.
Ресей билігі үкіметтік емес 11 ұйымды «шетел агенті» деген «қара тізімге» қосты. Белсенділердің айтуынша, Кремль осы арқылы құқық қорғау ұйымдарына қысымды күшейтіп отыр.
«Шаңырақ ісі» бойынша сотталған Арон Атабекке ұлымен жүздесуге рұқсат берілді. Асқар Айдархан түрмедегі әкесімен кездесуден алған әсерлері туралы Азаттық тілшісіне сұхбат берді.
Сот азаматтық белсенді Марат Жанұзақовтың өзіне қарсы қылмыстық істі қайта қозғауға берген шағымын қанағаттандырмады. Бірақ «қылмыстық ақшаны заңдастыру» айыбы бойынша тергеу қайта басталды.
Түрмеде отырған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің шағымы БҰҰ-ның адам құқығы комитетіне жеткенімен, тіркелмеді. Женевадан шағымды тіркеу талаптарына сәйкестендіру туралы өтініш түскен.
2010 жылы Қазақстаннан кеткен оппозициялық саясаткер Мұратбек Кетебаев шетелде өзін қамап, экстрадицияламақ болған іс-әрекеттерден де аман қалды. Мұхтар Әблязовтың үзеңгілесі Польшадан пана тапты.
18 жылға сотталған Арон Атабектің бір айдан бері карцерге қамалып, жүре алмай қалғаны хабарланды. Белсенділер оған медициналық көмек көрсетуге шақырып, Facebook-те қол жинай бастады.
Тағы