Орал соты Орынбай Оқасовты "экстремистік ұйым қызметіне қатысты" деп айыптап, бір жылға бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Белсенді жергілікті әкімдік рұқсат еткен митингіде "Бостандық!", "Талап етеміз!" деп ұрандаған. Прокурор осы сөздерді "экстремистік ұранға" жатқызған.