Алматының тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев үйқамаққа шығарылды. Бұған дейін оның "мойындауы" жарияланған еді.
ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.
Иран үкіметінің қатаң саясатына «заңды» наразылық білдіретін еш амалы қалмаған екі диссидент Тегеран көшелерінің қоқысын жинауға көшті.
Орталық Азия аймағында экономикалық дағдарыс басталатыны күні бұрын белгілі болғанымен, биліктегілер оның салдарын азайтудың амалын таба алмай отыр.
«Алауыздық тудырды» деген айыппен екі жылға сотталған белсенді Серікжан Мәмбеталин қолхатпен бостандыққа шықты. Ермек Нарымбаев абақтыда отыр.
AzattyqLIVE хабарында Қазақстандағы сот жүйесінің бүгінгі ахуалы талқыланды.Эфир қонағы жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Өтеген Ықсанов болды.
Ресейлік оппозиция белсендісі Владимир Кара-Мурза тергеу комитетінен өзін қасақана улаған кім екенін анықтауды сұрайды. Тергеушілер оны арыз бергеніне бір ай өткенде шақырып отыр.
Тәжік парламенті конституцияны өзгертуді ұсынды. Сайлауға түсетін адамның жасы төмендетіліп, Рахмонның президенттік мерзімі ұзармақ. Сарапшылар «президент мұны өзі мен ұлы үшін жасайды» дейді.
«Казкоммерцбанкті» қаралайтын мақалалар жариялады деген журналист Рафаэль Балгин мен оның әріптесі Махамбет Әуезов «тапсырыс орындағандарын мойындады».
AzattyqLIVE-тың «Алауыздық қоздырды» деп айыпталған қоғамдық белсенділер ісі жайлы хабарына құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қатысты.
Мәмбеталин мен Нарымбаев сотына шақырылған куәгерлер белсенділерді айыптауға себеп болған кітап үзінділеріне қатыстары жоқ екенін айтты. Айыпталушыларды сотқа қатаң күзетпен әкелді.
Түрмедегі оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, ақын әрі диссидент Арон Атабек, белсенді Вадим Курамшин туыстарымен ұзақ мерзімге кездесу құқығынан айырылған.
Тағы