Өзбекстанда ұзақ уақыт түрмеде отырған кей саяси тұтқындардың шығуын жұрт жақсылыққа жорыған. Үкіметті сынайтын құқық қорғаушыны қайтадан психиатриялық емханаға күштеп жатқызуы биліктің баяғы тәсілге жүгінуді жөн санайтынын көрсетті.
Ресейлік телеарналар оппозицияны қаралайтын телесюжеттерді көрсеткенде адамдардың телефон әңгімелерінің жазбасын, интернеттегі жеке хаттарын жарыққа шығарады. Қанша ресейлік азамат тыңдалып жатыр?
Азаматтық белсенді ретінде танылған журналистің «қаржы жымқыру ісі» бойынша тергеуге іліккені әріптестерін таңырқатты.
«Саяси қалам. Трибуна» газеті бас редакторы міндетін атқарушы, журналист Жанболат Мамай абақтыға қамалды. AzattyqLIVE тақырыпты «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбаймен талқылады.
Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы «жер мәселесі» бойынша жаппай шеруге қатысқаннан кейіп қылмыстық айып тағылып бас бостандығынан айырылған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянға шығарылған үкімді күшінде қалдырды.
Орталық Азиядағы биліктің қаһарына ұшыраған диссиденттердің екі таңдауы бар – қашан қамайды деп күтіп жүреді немесе елден кетеді. Бірақ шетелге кетсе де, тыныш өмір сүре алмай жүргендер көп.
Жас белсенділер мен саясаткерлер соңғы он шақты жылда саяси-қоғамдық қозғалыстарының «биліктің қысымынан тым әлсіреп кеткенін» айтады. Билік партиясының жастар қанаты мұндай уәжбен келіспейді.
Сотталушы азаматтық белсенді Макс Боқаевтың адвокаты мұнайгаз келісімшарттары мазмұнын халықтан құпия ұстаған билік белсендінің осы жайлы сыни пікірін оған қарсы айыпқа ілік етіп отыр дейді.
Батыс басылымдары Қазақстандағы діни шектеудің күшеюі тұрақсыздыққа ұласуы мүмкін деп қауіптенеді. Сарапшылар елді жетістіктері үшін мақтағанымен, бұл табыстары билік сәтті ауысқаннан кейін ғана бекиді деп санайды.
Атырау белсенділері Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотына АҚШ және Нидерланд дипломаттары келіп, БҰҰ өкілі назар аударды. Қарашаның 3-і күнгі сот отырысында прокурорлар куәгерге ескерту жасаған «ҰҚК тергеушісінің демалысқа шығып кеткенін» хабарлады.
Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісінде куәлік еткен мұнай саласы жұмысшылары жауаптау хаттамасына таныспай қол қойғандарын мәлімдеді. Судья тергеуші мен жауапталған куәларді беттестіретінін айтты. Ал адвокаттар куәлерге қысым жасала ма деп күдіктенеді.
Атырауда сотқа тартылып жатқан Макс Боқаев пен Талғат Аянға қолдау білдіру үшін бүгін Алматының орталығына жиналған бірнеше белсендіні полиция ұстап әкетті.
Тағы