Астана соты әлі өтпеген митинг үшін екі белсендіні "бейбіт жиын, шеру өткізу және ұйымдастыру" туралы заң талабын бұзды деп танып, әкімшілік қамауға алды. Тағы үш белсендіні полицияға шақыртқан.
Алматыда бір топ белсенді "Жаңа Қазақстан форумы" қоғамдық ұйымы құрылғанын жариялады. Олар "Қазақстан билігімен диалог құру жолын таңдайтынын" мәлімдеді. Бұл ұйымға "билік тапсырмасымен құрылған болуы мүмкін" деп күдікпен қарайтындар да бар.
Қазақстанда бейсенбіде бірнеше қалада рұқсат етілмеген қарсылық акциясына шыққан азаматтарды биліктің күшпен таратып, көп адамды ұстағаны туралы елдегі БАҚ үнсіз қалды. Кей сарапшылар мұны конституцияда кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығының шынайы жай-күйінің көрінісі деп атайды.
Батыс баспасөзі Қазақстандағы рұқсат етілмеген қарсылық акциялары кезінде наразыларды ұстауға қатысты комментарий жариялаған. Бұған қоса, Қазақстанның банк саласындағы проблемалар және алматылық дәрігердің сәбиге массаж жасау техникасы британдықтарды шошытқаны туралы жазған.
Бейсенбіде Астана мен Алматыда "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптауға жол жоқ!" деген талаппен ондаған адам көшеге шықты. Рұқсат етілмеген акцияны күштеп таратқан полиция ондаған наразыны ұстап әкетті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық жүйке аурулары диспансеріне сот қаулысымен еркінен тыс бір айға жатқызылған шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің туыстары апелляциялық шағым түсіріп, белсендінің ісін қарап жатқан тергеушіні сотқа берді.
Қазақстанда әлі экстремистік ұйым ретінде тыйым салынбай тұрған кезде ҚДТ қозғалысын әлеуметтік желіде қолдаған атыраулық студент Дианара Мұқатоваға қатысты қылмыстық іс тергеуі жүріп жатыр. Мұқатова «қысымға ұшырадым» деп шағымданады. Полиция тергеу кезінде бұл іс туралы мәлімет бермейтінін айтады.
Қамауда отырған азаматтық белсенді Макс Боқаевты Петропавлдағы түрмеден басқа қаладағы түрме ауруханасына этаппен жөнелткен. Белсендінің адвокаты түрме әкімшілігі мұны тұтқынның денсаулығына бола емес, өз қамы үшін жасап отыр деп топшылайды.
Сарапшылар Қырғызстан қоғамында резонанс тудырған сот процестері жаңадан ашылған жайттарға байланысты қайта қаралуы мүмкін деп болжайды.
Батыс баспасөзі Наурыз мейрамында көк шарға қатысты шу шыққаннан кейін қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтің Қазақстанда қаншалықты қолдауға ие екенін бағалауға тырысқан
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының әлеуметтік желідегі материалдарымен танысқаны үшін істі болып, үйқамаққа алынған Ақмарал Тобылованы халықаралық құқық қорғау ұйымы "ар-ұждан тұтқыны" деп таныды. Туыстары үйқамақтағы жүкті әйелдің дәрігерге қарала алмай отырғанын айтады.
Астананың қолы жетпейтін жерде тұрып жатқан бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің билік қалыптастырған "жау" бейнесінің сипаты кейінгі кезде өзгеріп барады. Билік бұған дейін экономикалық қылмыс жасады деп айыппен сырттай соттаған Әблязовті енді "адам өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде және экстремизмге қатысты айыптап жатыр.
Тағы